top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» бесінші маусымының командалары үшін «Shell NXplorers» онлайн-тренингі өткізілетіні туралы анонс

2021 жылы «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктестікте және оның қаржылық қолдау көрсетуімен Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасында бесінші зияткерлік «Student Energy Challenge» байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.

Жоғары оқу орындарының тіркеуден сәтті өткен командалары үшін «Шелл Қазақстан» компаниясы 2021 жылғы 9-10 маусымда сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін сыни ойлау дағдыларын дамытатын екі күндік «Shell NXplorers» онлайн-тренингін Zoom платформасында өткізеді.

«Shell Nxplorers» тренингі қатысушыларға оң өзгерістерге жеткізетін құралдар мен әдіснамалар ұсына отырып, инновациялық ойлауды дамытуға арналған. Тренинг барысында қатысушылар проблемаларды шешу және ынтымақтастық мысалында өзгерістерді зерттеуді, жасауды және жүзеге асыруды үйренеді.

Күрделі мәселелерді шешу үшін жасалып шығарылатын жүйелі тәсілдеме топтар өз жобаларына паспорт жасаған кезде және оларды әрі қарай қорғағанда мақсаттарына жетуге ықпал етеді. Тренингке қатысқан командаларға 5 ұпай есептеледі және «Shell NXplorers» сертификаттары беріледі.

Ағымдағы жылғы 7 маусымынан бастап 30 шілдеге дейінгі аралықта командалар келесі бағыттардың бірі бойынша жобалардың паспорттарын әзірлеулері қажет: энергетика/ электр энергетикасы (электр энергетикасы/жаңартылатын және баламалы энергия көздері және т.б.); мұнай-газ және тау-кен өндірісі салалары (шикі газды өңдеу, таза көмірдің инновациялары мен технологиялары және т.б.); озық технологиялар мен тиімді шешімдерді енгізу (Big Data, бұлттық есептеулер, жасанды интеллект); қоршаған ортаны қорғау/экология (өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, қайта өңдеу және утильдеу, қоршаған ортаның сапасы (ауа, су, топырақ) және т.б.).

Жеңімпаз командалар Қазақстанның салалық кәсіпорындарында өз мамандықтары бойынша ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады.

Байқау туралы ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша толық танысып шығуға болады.

Тренинг-Шелл-каз.яз.jpg

Ұйымдастырушылар
Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2021 © Барлық құқықтар сақталған.