top
top
Жаңалықтар

«Тиімді презентация жасау» тақырыбына вебинар пішіміндегі шеберлік класы

2018 жылғы 20 шілдеде «Шелл Қазақстан» компаниясы және KAZENERGY қауымдастығы ұйымдастырған «Student Energy Challenge» байқауының қатысушылары үшін EY бизнес академиясынан «Тиімді презентация жасау» тақырыбына кезекті вебинар өткізілді.
Оқу вебинарына байқаудың іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша шорт-парақшасына өткен командалар қатысты (http://kazenergy.com/ru/press-center/news/1356/).

Онлайн оқуды EY бизнес академиясының оқытушы-консультанты мен бизнес-тренері А.Ахметова өткізді, ол өзгерістерді, тұлғааралық және бизнес-коммуникацияларды, жеке және командалық тиімділікті, консалтинг пен бизнесті дамытуды басқаруда коучинг пішіміндегі тренингтерді өткізуде маманданады.

Дәріс оқушы презентация құрылымы, оны ресімдеу, мәтінді, суреттерді пайдалану қағидалары туралы, жалпы өз жобалық жұмыстарын қалай «тиімді» таныстыруға болатындығы жөнінде бөлісті. Байқау қатысушылары өз жобаларын 2018 жылғы 2-3 қазанда «Student Energy Challenge» финалында ұсынады.
Байқаудың жарияланған кезеңдеріне сәйес байқаушылар үшін «Назар аудару. Уақыт. Питч» тақырыбына келесі вебинар өткізу 2018 жылғы тамыздың екінші декадасында жоспарланып отыр. Осы вебинар финал көрсетілімінде еlevator pitch стилінде тақырыпты ашу мақсатында өткізілетін болады.
Сонымен қатар «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаздары «Шелл Қазақстан» компаниясынан сыйлыққа ие болатындығын (10 000 АҚШ долларына дейін) және сыни ойлау дағдыларын дамыту және міндеттерді кешенді шешу үшін «Шелл» концернінің мамандары әзірлеген екі күндік NXplorers (Астана қаласында) тренингіне қатыса алатындығын еске саламыз.

Қатысушылардың пікірі

«KBTU United» командасы
Қазақстан-Британ техникалық университеті
«Ұйымдастырылған вебинар үшін алғыс айтамыз. Өз ісін білетін маманды тыңдау өте пайдалы болды. Барлық айтылған ескертулер қазіргі уақытта өзекті. Презентациялар бойынша алынған кеңестер байқауда ғана емес, күнделікті студенттік өмірде де пайдалануға болады. Көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттілігі ең қиын жұмыстардың бірі болып табылады, бірақ енді біздің осы саладағы жаңа білімдеріміз бен дағдыларымыздың арқасында жобамызды ең үздік жағынан көрсете аламыз.».

«Association of Innovators» командасы
Алматы энергетика және байланыс университеті
«Тиімді презентация жасау» вебинарын осы тақырыпты талдай алатын маман жоғары деңгейде дайындағанын атап кеткен жөн. Презентация жақсы құрастырылған және өте түсінікті, бұл вебинар тақырыбы үшін жақсы үлгі болады. Спикерге ұсынылған материал және берілген бағыт үшін алғысымызды білдіреміз.».


«Chemical Energy» командасы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Осы вебинарда дәріс оқушы ХХІ ғасырдың табысты тұлғасына маңызды болып табылатын, тиімді презентация жасай алудың барлық сырын ашты. Өте маңызды мәселелер талқыланды, оларды 3 үлкен мәселеге топтастыруға болады:
  1. Презентацияға қалайша дұрыс дайындалу қажет;
  2. Аудиторияның назарын аударта алатын және спикердің негізгі ойын аша алатын презентация құрылымы қандай болу қажет;
  3. Слайдтарды қалай ресімдеу қажет.
Қалған қатысушылар біздің пікірімізбен келісетіндігіне сенімдіміз және вебинар әрбір қатысушы үшін өте пайдалы болды және әрқайсысымыз өздері үшін бір жаңалық ашты деп ойласақ, қателеспейміз.
EY бизнес академиясының дәріс оқушысына және осы вебинарға қатысу мүмкіндігін берген байқау ұйымдастырушылшарына алғыс білдіреміз».

«NU SynGas» командасы
Назарбаев Университеті
«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары ұйымдастырған «Тиімді презентация жасау» вебинары» біз үшін өте пайдалы, себебі біз Жастар конференциясы шеңберінде қазылар алдында өз жобамызды таныстыруға тура келеді.
Онлайн-оқыту кезінде мынадай ақпаратқа ие болдық:
  1. Ақпарат мақсаты;
  2. Аудиторияны талдау (болжалдар, мотивация, құзыреттілік, лауазым, жынысы, пішімі);
  3. Презентация идеясы;
  4. Слайд мәнін ашатын тақырыпшалар түсініктемелері;
  5. Композиция қағидасы;
  6. Құрылымы;
  7. Адамдар 7(+/-2) объектіні еске сақтай алады. Соңғы нәтиже факторы – адамдар басында және соңында не болғанын естерің сақтайды. Образдар пайдалану. Слайд - жолдама.
  8. Белгілі бір түстер.
Ожас көшбасшыларды дамыту үшін осындай пайдалы тренингтер жиі болып тұратындығына сенімдімін.


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.