top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» - 2020 байқауының келесі кезеңіне қатысуды жалғастыратын командалар анықталды

«Student Energy Challenge» байқауын (бұдан әрі - Байқау) 2017 жылдан бастап 18 мың АҚШ доллары көлемінде жалпы сыйлықақы қорымен, «Шелл Қазақстан» комапниясының қаржылай қолдауымен KAZENERGY» қауымдастығы өткізіп келеді.

2020 жылы іріктеу турына Қазақстанның 14 оқу орнынан 45 команда қатысты. Байқау шарттары бойынша келесі кезеңге өту үшін тіркелген командаларға жоба мен команда туралы қысқаша видеорезюме жіберу қажет болды.

Биылғы жыл қатысушылар үшін де, сол сияқты ұйымдастырушылар үшін де ерекше жыл. Жаһандық жағдайға байланысты ұйымдастырушылар Байқау шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен қатар, еліміздің барлық оқу орындарындағы қашықтан оқыту режимі, жобаларды қорғау кезіндегі оқу процесіне барынша аз қатысу (ағымдағы жылдың күзінде) және ең бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтау және Байқауға қатысушылардың денсаулығын қорғау ескерілді.

Іріктеу турының қорытындысы мен ұйымдастырушылардың шешімі бойынша Байқаудың келесі кезеңіне Қазақстанның 9 жоғары оқу орнынан 21 команда қатысады. Келесі кезең шеңберінде аталған командалар 2020 жылғы 1-3 шілдеде «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша онлайн тренингтен өтеді. Көшбасшылық қасиеттерді, презентациялық дағдыларды, сондай-ақ сыни және кешенді ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған бұл бағдарлама жобаларды қорғауға командаларды дайындау мақсатында міндетті кезеңдердің бірі болып табылады.

Келесі кезеңге өткен командалардың тізімі:

1. Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, «24 Element» командасы. Жоба тақырыбы: «Қалалық/ауылдық (муниципалдық) және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату»;
2. Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университеті, «9th Department» командасы. Жоба тақырыбы: «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету (жол қауіпсіздігі, жеке қауіпсіздік және өнеркәсіптік өауіпсіздік) және т. б.»;
3. Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университеті, «АнтиВар» командасы. Жоба тақырыбы: «Электр энергиясын беру кезінде шығындарды азайту»;
4. С.Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университеті, «Химик-Технолог» командасы. Жоба тақырыбы: «Мұнай мен газды терең өңдеу»;
5. Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «EMG team» командасы. Жоба тақырыбы: «Мехатрон жүйелері мен роботтарға арналған икемді электромагнитті-трос жетегі»;
6. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «NEW WAVE» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;
7. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «FEOGI» командасы. Жоба тақырыбы «Қабаттың мұнай беруін ұлғайту»;
8. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «FARMer» командасы. Жоба тақырыбы: «Қалалық/ауылдық (муниципалдық) және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату»;
9. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «DANKE» командасы. Жоба тақырыбы: «Қабаттың мұнай беруін ұлғайту»;
10. Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «Katrina» командасы. Жоба тақырыбы: «Қолданыстағы қуаттардың операциялық тиімділігін арттыру (отынға жұмсалатын шығындарды төмендету және т. б.)»;
11. Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «ECOSENSE» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;
12. Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «Kókjiek» командасы. Жоба тақырыбы: «Электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну кезінде Smart (Smart Grid және т. б.) технологияларды пайдалану және қолдану: Q Station»;
13. Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «КПД100» командасы. Жоба тақырыбы: «Энергия тиімділігін арттыру»;
14. Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «Evil Geniuses» командасы. Жоба тақырыбы: «Энергия тиімділігін арттыру»;
15. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, «RedOx» командасы. Жоба тақырыбы: «Натрий-ионды батареялар өндірісі»;
16. Назарбаев университет, «Hurricane» командасы. Жоба тақырыбы: «Қабаттың мұнай беруін ұлғайту»;
17. Назарбаев университет, «Кислородные» командасы. Жоба тақырыбы: «Қалалық/ауылдық (муниципалдық) және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату»;
18. Назарбаев университет, «Naizagai» командасы. Жоба тақырыбы: «Мұнай және газ өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру»;
19. Назарбаев университет, «Refillme» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;
20. Назарбаев университет, «Kimberlite» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;
21. С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, «InFlux» командасы. Жоба тақырыбы: «Энергия тиімділігін арттыру»


Командаларға табыс тілейміз!

Байқау туралы толық ақпарат мына сілтемеде: https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.