top
top
Жаңалықтар

Экономикалық талдау саласындағы оқу тренингі туралы

«KAZENERGY» қауымдастығы және байқаудың тұрақты демеушісі «Шелл Қазақстан» атынан «Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары 2023 жылғы 30 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де ЖОО командалары, байқаудың 7-маусымының қатысушылары үшін онлайн-трениг өткізіледі.

Қазіргі уақытта 80 команда энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласында жобалары бойынша жұмыс бастады.

Әр команда жобаларды әзірлеу кезінде жобалардың паспорттарына қойылатын талаптарына сәйкес өз экономикалық және экологиялық негіздемесін ұсынуы қажет. Жобаларды әзірлеу а.ж. 16 шілдеге дейін жалғастырылады.

Тренинг бағдарламасы шеңберінде қатысушылар жобаның қаржы бөлігімен, клиенттердің сегментациясымен, бизнес-моделімен және нарық көлемінің есептерімен, бастапқы капиталды қалыптастырумен таныса алады, сондай-ақ сұрақтар мен жауаптар сессиясы болады.

Онлайн-тренингті Асылжан Аманжолқызы Упашева өткізеді, ол стартаптардың сертификатталған трекері, NURIS (NU) бизнес-инкубаторының басшысы, Founder Instutute Central Asia со-директоры болып табылады.

Байқау туралы барынша толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша таныса аласыз.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.