top
top
KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары
САРСЕНОВ
СӘРСЕНОВ ЖАМБОЛАТ ЖАҚИЯҰЛЫ

1961 жылғы 21 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 

Білімі
Шымкент қ. №1 ОМ түлегі (1978 ж.);
1985 жылы И.И. Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық академиясын тәмамдады;
2003 жылы Алматы қ. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын тәмамдады, мамандығы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
2003 жылы Италияның Милан қ. «Master of Petroleum Businesses» мамандығы бойынша мамандандырылған даярлық курсынан ойдағыдай өтті;
2005 жылы Астана қ. Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады, мамандығы – «Халықаралық қатынастар».
Еңбек қызметі  
  • 1990 жылдардың басында бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарын құрды, өндірістік кәсіпорындарды басқарды;
  • 2002 жылғы қаңтар айынан бастап «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық Компаниясы» АҚ жүйесінде және әрі қарай «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әртүрлі жауапты лауазымдарды иемденді;
  • 2003 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі атқарушы директоры болып жұмыс істеді;
  • 2003-2004 жылдар - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ бас директоры;
  • 2004-2005 жылдар - «ҚазРесГаз» АҚ бас директоры;
  • 2005 жылғы желтоқсан айынан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аппаратының басшысы;
  • 2005 жылғы желтоқсан айында «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ бас директоры болып тағайындалды;
  • 2012 жылғы қараша айында Қауымдастық Төрағасының Орынбасары қызметіне ауысты;
  • 2013 жылғы наурыз айында Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференция Төрағасының орынбасары болып тағайындалды;
  • 2015 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін – «Медикер» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы;
  • 2016 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің төрағасы

Халықаралық және қоғамдық қызмет
  • WPC (Дүниежүзілік мұнай кеңесі), Маркетинг жөніндегі вице-президент (2017) және Атқару комитетінің мүшесі;
  • WEC (Дүниежүзілік энергетикалық кеңес), Әлемдік энергетика көшбасшылары саммиті (World Energy Leaders’ Summit) жаһандық әріптесі;
  • ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі (2016);
  • Energy Charter Secretariat (Энергетикалық Хартия Секретариаты), Бас Хатшының арнайы елшісі (Special Envoy) (2015);
  • Қазақстан-Венгрия Іскерлік Кеңесі, тең төраға (2013);
  • Қазақстан Бокс Федерациясы, Атқару комитетінің мүшесі (2008);
  • Қазақстан гольф федерациясы, Кеңес мүшесі (2000);
  • ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі (2014);
  • Венгрияның Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы (2016 ж.)

Марапаттары 
  • «Парасат» ордені (2015);
  • «Құрмет» ордені (2010);
  • «Рыцарлық Крест» Ордені (Венгрия) (2017);
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011);
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008);
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005);
  • I дәрежелі «Атамекен» медалі (2009);
  • І дәрежелі «Атамекен» медалі (2009);
  • «KAZENERGY 10 жыл» медалі (2015).

Қосымша ақпарат  
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Әуестігі: гольф, тау шаңғысы, үлкен теннис, коллекциялау.
Үйленген, төрт баланың әкесі.



Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2021 © Барлық құқықтар сақталған.