Алдыңғы жылдары Форум алаңында өнеркәсіптің мұнай-газ, электр энергетикасы, атом саласын дамыту мәселелері талқыланып, жаһандық сын-қатерлер белгіленді, қаржы дағдарыстары және дағдарыстан кейінгі кезеңде саланы дамыту мәселелері талқыланды, стратегиялық альянсты құру мәселелері, ауыспалы кезеңде энергетикалық тұрақты даму сценарийлері қаралды.
Форум тақырыбы сол уақыттағы нарық жағдайына сай таңдап алынды және сол кезеңде аса маңызды әрі өзекті болды.
Еуразиялық KAZENERGY форумы мұнай-газ және энергетика нарығында болып жатқан қазіргі жаһандық трансформацияларды бейнелейді.