top
top
Ғылыми-техникалық кеңес
KAZENERGY қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесі тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі міндеті қауымдастық мүшелерінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық іс-ірекетін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесу болып табылады.

Құрылған ҒТК негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ), баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі – ЖЭК) жобаларын талқылау және анықтау, Қауымдастық мүшелері болып табылатын компаниялардың қызметінде жоспарлауды, қаржыландыруды, ұйымдастыруды, дамытуды және практикалық қолдануды жеңілдету мақсатында мұнай-газ және энергетика салаларында үздік қолжетімді технологияларды (бұдан әрі – ҮҚТ) және инновациялық технологияларды енгізу.

ҒТК міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ және электр энергетикасы кәсіпорындары үшін үздік әлемдік бизнес тәжірибесіне сәйкес келетін білім мен технологияларды жинау, беру және бейімдеу.
2. ҒЗТКЖ, ЖЭК жобалары, ҮҚТ және инновациялық технологияларды дамытудың әртүрлі бағыттары мен мәселелері бойынша жиынтық сараптамалық қорытындыны қалыптастыру, оны келесі критерийлер бойынша әртүрлі мақсатты топтарға (мемлекеттік органдар, компаниялар, қоғам, мамандар және т.б.) жеткізу:
  • технологиялық тиімділік;
  • экономикалық тиімділік;
  • экологиялық тиімділік
  • қолдану саласы;
  • жаппай енгізу мүмкіндігі;
  • Қазақстанда қолдану перспективалары;
  • құқықтық және технологиялық шектеулер;
  • тағы басқалар.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.