Инвестициялар және техникалық реттеуді дамыту министрлігі Техникалық реттеу комитетінің   2014 жылғы 23-мамырдағы № 123-од  бұйрығымен қауымдастық базасында мынадай стандарттау бойынша техникалық комитеттер құрылды:
	- №88 «Мұнай, мұнай өнімдері және майлау материалдары» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті;
- № 89 «Мұнай мен газды барлау және өндіру техникасы мен технологиясы» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті;
- № 90 «Табиғи және сұйытылған газдар» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті.
Техникалық комитеттерді құрудың негізгі мақсаты мұнай-газ саласындағы техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, іс-шараларды пысықтау және оларды іске асыру жөнінде біртұтас саясат құру болып табылады.
 
Техникалық реттеу департаменті: 
Департамент № 88 «Мұнай, мұнай өнімдері және майлау материалдары», № 89 «Мұнай мен газды барлау және өндіру техникасы мен технологиясы» және  № 90 «Табиғи және сұйытылған газдар» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер  хатшылығының жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды.
 
Департаменттің негізгі міндеттері:
	- 	мұнай-газ саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін, сонымен қатар  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру  бойынша ұсыныстар жасау;
- 	мұнай-газ саласындағы техникалық реттеу ісінің қауымдастық мүшелері мен стандарттау бойынша техникалық комитеттердің  мүддесіне,  материалдық-техникалық база деңгейіне, сонымен қатар ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігін қаматамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
- 	техникалық реттеу құралдары арқылы  отандық өнімдердің бәсекеге қабілетін арттыруға  және қазақстандық үлесті ұлғайтуға көмектесу;
- 	халықаралық салалық қауымдастықтармен және ұйымдармен келісім (меморандум) жасауға көмектесу (API, ASME, ASTM, DNV, NORSOK, OGP және т.б.);
- 	техникалық реттеу құралдары арқылы   тиімді әзірлемелерді алға бастыру және инновациялық жобаларды дамытуға көмектесу;
- 	БСҰ және Кеден  одағының нормаларына жауап беретін мұнай-газ кешеніндегі стандарттау жүйесін қалыптастыруға  және жетілдіруге қатысу.
- 	ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды әзірлеу процесінде бір-бірімен байланысты өнеркәсіптік  салалардың мұнай-газ компаниялары мен кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру;
- 	үкіметтік емес стандарттар және нормативтік техникалық құжаттар арқылы салалық стандарттауды дамытуға көмектесу.