KAZENERGY қауымдастығы «Қазақстанның мұнайы мен газы. Тәуелсіздікке 30 жыл. Жасампаздық жолы» бірегей жобасын ұсынады. Жобада тәуелсіздік алған кезден бастап үш онжылдық ішінде Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының даму нәтижелері туралы баяндалады. Бұл басылым – ерекше басылым, ол егемендік жылдары республикада болған фактілер мен оқиғалар туралы, мұнай-газ индустриясын дамытудың күрделі жолы туралы, көмірсутегі шикізатын геологиялық барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемінің айтарлықтай өсуіне атсалысқан тұлғалар туралы әңгімелейді, өйткені дәл осы тұлғалардың баға жетпес тәжірибесі Қазақстанның әлемдегі ірі мұнай мен газ өндірушілер мен экспорттаушылар қатарына қосылуына септігін тигізді. Бұл Кітап республиканың мұнай-газ саласының даму тарихымен жүріп өтуге арналған жолсілтеме бола алады деген үміттеміз.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына, «Теңізшевройл» ЖШС, North Caspian Operating Company N.V. және Karachaganak Petroleum Operating B.V. компанияларына «Қазақстанның мұнайы мен газы. Тәуелсіздікке 30 жыл. Жасампаздық жолы» кітабының жобасына қолдау көрсетіп, оны дайындап, басып шығаруға демеушілік көмек көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.