top
top
Біз туралы

«KAZENERGY» ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА
КЕШЕНІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ»
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ

KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды. Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 70 компанияны біріктірді. KAZENERGY қызметінің мақсаты әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Қызмет бағыттары:

Құқықтық қызмет
Қауымдастықтың аса маңызды міндеттерінің бірі – заң шығару процестеріне қатысу және мемлекеттік органдарда Қауымдастық мүшелерінің мүддесін қорғау. Қауымдастықтың тиісті өкілеттілігі оның Жарғысында қарастырылып, министрліктерде аккредиттелген және Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысында дауыс беру құқығы, сонымен қатар мұнай-газ және энергетика секторларында осыған ұқсас қызметтерді атқаруға «Атамекен» ҚР ҰКП тарту құқығы берілген. Қауымдастық қызметкерлері Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қозғайтын барлық заң жобалары мен заңға қосымша актілерді әзірлеуге және сараптама жасауға тұрақты түрде қатысады. Қауымдастық өз мүшелеріне заңнамадағы маңызды (болуы мүмкін) өзгерістер туралы уақытында хабарлайды, қажет болғанда мемлекеттік органдармен тікелей диалог жасалатын алаңды ұйымдастыра отырып, мемлекеттік органдарға компаниялардың пікірлері мен қиындықтарын жеткізеді. Мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану, салық салу, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларда заңнамалық реттеу және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру Қауымдастықтың құқықтық қызметтерінің басты міндеттері болып табылады. 

Экологиялық қызмет
Қауымдастық экологиялық қызметтер шеңберінде экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысады, Қауымдастық мүшелерінің - мұнай-газ және энергетика кешені кәсіпорындарының мемлекеттік органдармен әрекеттестікте табиғатты пайдаланудың заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдірудегі бірыңғай ұстанымын айқындайды, сонымен қатар экологиялық қиындықтарды шешуде қауымдастық мүшелерінің айқындамасын білдіреді. Қауымдастық Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, елде экологиялық таза, ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеуге және енгізуге көмектеседі.

Салық қызметі
Қауымдастық салық салу бойынша қызметтер шеңберінде Қауымдастық мүшелеріне салық жүктемесі деңгейін қалыптастыру, экономикалық жағдайды адекватты дамыту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша көмек көрсетеді.
Қауымдастық ҚР Экономика министрлігі жанындағы жұмыс топтарына: ҚР жер қойнауын пайдаланушыларға қазіргі салық салуды жетілдіру; салықтық жүктемені азайту; жер қойнауын пайдаланудағы салық саясаты мәселелері бойынша қатысады. Сонымен қатар Қауымдастық әзірленіп жатқан Жер қойнауы туралы кодекс шеңберінде қазыналық бөлігі бойынша тұжырымдамалық өзгерістерді қарастыруда. Қауымдастықтың салық қызметтерінің міндеті - геологиялық барлаудың босатылған қаражатын бағыттауды ынталандыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын ағымдағы салық жүктемесін азайту.

Мұнай-газ және энергетика саласындағы қызмет
Қауымдастық мұнай-газ және энергетика саласын реттеу бойынша ұсыныстарды талқылау, мониторингілеу және даярлауға, ҚР Үкіметіне ұсыныстар және бағдарламалық құжаттар әзірлеуге және мұнай-газ тақырыбы бойынша Қауымдастық мүшелерінің бірыңғай ұстанымын жасауға қатысады. Сонымен қатар саланы дамытуда нақты шешімдер қабылдау үшін алқалық органдар: «Атамекен» ҚР ҰКП, үйлестіру және ғылыми-техникалық кеңестер шеңберінде тұрақты жұмыстарды жүргізеді.

Халықаралық қызмет
KAZENERGY халықаралық ынтымақтастық шеңберінде халықаралық компаниялармен, ұйымдармен және бірлестіктермен, сонымен қатар олардың өкілдерімен қарым-қатынас жасау барысында, оның ішінде Қауымдастық мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберінде Қауымдастық мүшелерінің мүддесін қорғайды; әрекеттестіктің Қауымдастық үшін басым бағыттары бойынша халықаралық ұйымдармен байланыс орнатады және әрекеттестік жасайды; Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларының, сонымен қатар Қауымдастықтың жағымды халықаралық имиджін алға бастырады; Дүниежүзілік мұнай кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық комитетінің Хатшылығы дәрежесінде Қауымдастық атқарымдарын орындайды, Дүниежүзілік энергетикалық кеңес жанындағы Ұлттық комитеттің, сонымен қатар Халықаралық энергетикалық форумның және Халықаралық энергетикалық агенттіктің қызметтерін үйлестіреді; Энергетикалық Хартияның келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне қолдау көрсету және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Адами капиталды дамыту 
Қауымдастық адами капиталды дамыту бойынша қызметтер шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады. Мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін құру; мақсатты білім беру бағдарламаларының, жобаларының тізімін әзірлеуге қатысады және оларды іске асыруға көмектеседі; ҚР білім беру жүйесін дамытуға қатысты заңнамалық бастамаларды талқылауға қатысады. Сонымен қатар ҚР білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлейді; бизнестің әлеуметтік жауаптылығы саласындағы бастамаларды қолдайды; мұнай-газ және энергетика кешенінің адами ресурстарға деген қажеттілігін зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады; жастарға арналған жобаларды іске асыруға көмек көрсетеді және қатысады.

Білім беру бағдарламасы  
KAZENERGY Білім беру бағдарламасы шеңберінде ЖОО студенттері мен магистранттарына, колледж оқушыларына, оқытушыларына және ТжӨБ мекемелерінің салалық мамандықтары бойынша өндірістік шеберлеріне гранттар мен шәкіртақылар беру бойынша жұмыстарды жүргізеді. 

KAZENERGY форумы
Қауымдастықтың ең беделді және танымал брендтерінің бірі Еуразиялық KAZENERGY форумы болып табылады. Форум KAZENERGY қолдауымен ұйымдастырылады және 2006 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі, осы уақыт ішінде сегіз форум өтті, оның жұмысына мұнай-газ және энергетика саласының отандық және шетелдік жетекші өкілдері, әйгілі әлемдік саясаткерлер қатысты. KAZENERGY форумы ұлттық оқиға форматынан халықаралық форматқа ауысты және өзінің халықаралық мәртебесін жыл сайын нығайтуда. Форумдардың нәтижесі бойынша ұсыныстар мен шешімдер тұжырымдалды, олар салалық диалогты нығайтуға, мұнай-газ және энергетика кешенін тұрақты дамытуға, халықаралық әрекеттестікті күшейтуге мүмкіндік берді.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.