top
top
Халықаралық ынтымақтастық
Ірі халықаралық форумдарға қатысу және беделді салалық бірлестіктерге мүшелік ету бүгінде қолжетімді құрал ғана емес, сонымен қатар компаниялар мен ұйымдардың шетелдердегі танымалдығын арттыру үшін, өз мүддесін алға бастыру және іскерлік ынтымақтастықты дамыту   үшін ең пәрменді әрі табиғи құрал болып табылады.
z2.png
ДМК
ДМК – мақсаты - мұнай және газ өндірісінің басты мәселелерін талқылау үшін ғаламдық алаңды қамтамасыз ету болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы жанынан аккредиттелген коммерциялық емес ұйым. 
Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (бұдан әрі - ДМК) Лондон қ. 1933 ж. негізі қаланды. 
Дәл осы жылы Лондонда 24 елден келген мыңға жуық қатысушының басын қосқан бірінші Дүниежүзілік Мұнай Конгресі шақырылды және бұл мұнай индустриясы мен технологиялары саласының әлемдік масштабтағы бірінші оқиғасы болды. Жалпы әлемдегі мұнай өндірушілер мен тұтынушылардың 95% құрайтын әлемнің 69 елі ДМК-ге мүше болып табылады.
z1.jpg
Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (бұдан әрі - ДЭК)
ДЭК — Ұлыбританияның және Еуропа мен Солтүстік Американың бірқатар өндірістік дамыған елдерінің іскерлік және энергетикалық ортасының бастамасымен құрылған ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым.  
ДЭК құрамына мемлекеттік билік органдарын, өндірістік және сарапшылық ұйымдарды қоса алғанда, 93 ұлттық комитет, әлемнің 90 елінің 3000-нан астам мүше ұйымдары кіреді.
Еуропалық Энергетикалық Хартия
Хартия Гаагада 1991 жылы 17-желтоқсанда қабылданған саяси декларация болып табылады. Еуропалық Энергетикалық Хартияға Еуропа, Азия, Солтүстік Американың 64 мемлекеті, сонымен қатар Австралия, Еуропалық Одақ және Қазақстан да қол қойды.  
Еуропалық Энергетикалық Хартияда атап көрсетілген базалық келісім Энергетикалық Хартияға Шарт (ЭХШ) ретінде белгілі. Еуропалық Энергетикалық Хартияға қол қойған тараптардың бәрі емес, бірақ көпшілігі 1994 жылы қол қою үшін ашылған және 1998 жылы күшіне енген осы Шартқа қол қойды немесе қосылды. Сауда энергетикасы, транзиті, инвестициялары, экологиялық аспектілері және дауларды шешу қағидаттарына байланысты Энергетикалық Хартияға Шартты Еуропалық Энергетикалық Хартиямен салыстырғанда оның ережелерінің орындалуы міндеттелген. Қазіргі уақытта Энергетикалық Хартияға Шартқа 54 ел қол қойды, ЭХШ-ны 50 ел бекітті, бекітпеген 4 ел: Австралия, Норвегия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы.
z9.png
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) 
Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының бірі болып табылады. БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС) 1947 жылы Еуропа өңірі ішінде және одан тыс жерлерде экономикалық қызметтерді дамыту және экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында құрған. 56 мемлекет БҰҰ ЕЭК мүшесі болып табылады. Қазақстан 1994 жылы 31-қаңтарда БҰҰ ЕЭК мүшесі болды.

z5.png
Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА)
ХЭА - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) шеңберіндегі автономды халықаралық орган.  ХЭА 1974 жылы 1973 – 1974 жж. мұнай дағдарысынан кейін құрылды. Ұйымды құру идеясын АҚШ көтерді, ол ОПЕК-ке қарама-қарсы жаңа халықаралық ұйым құруға ұмтылды. 
ХЭА мүшелері – ОЭСР 29 мемлекеті: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Португалия, Корей Республикасы, Словакия, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония.
z4.png
Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі - IRENA)
IRENA 2009 жылғы қаңтарда Бонна қаласында (Германия) құрылтай конференциясында ресми түрде құрылды.
IRENA – үкіметаралық ұйым, қызметі ЖЭК пайдалануды жоғарылатуда жәрдем көрсету бойынша индустриалды түрде дамыған және дамып жатқан елдерге бағдарлы кеңес беру жолымен жаңартылатын энергия көздерін ілгерілету үшін саяси шеңберлі жағдайды жақсартуға бағытталған.
z8.png
EITI (ӨСАБ)
ӨСАБ – өндіруші саланың ашықтығы бастамасы. ӨСАБ Қазақстанда 2005 жылдан бастап Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылуда. 
Бұл жобаның халықаралық, саяси және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы мәртебесі жоғары және өндіруші сектордағы компаниялар мен үкіметтің табысының ашықтығына бағытталған. Жер қойнауын пайдаланушылардың ӨСАБ талаптарын орындау және халықаралық стандарттарға сәйкес аудитпен расталған ел бюджетіне салық және басқа да төлемдер төлеу бойынша есеп беру міндеттемесі заңнамалық деңгейде бекітілген.
МЭФ
Халықаралық энергетикалық форум (бұдан әрі - ХЭФ)
ХЭФ 1991 ж. құрылды. Ұйымның қызметі әлемдік энергетикалық нарықты реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Форум минералды ресурстардың өндірушілері мен тұтынушыларының барлық әрекеттестік спектрі бойынша, сонымен қатар ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасуға арналған алаң болып табылады. ХЭФ құрамында 89 ел бар.
 
 IHS Markit компаниясы
IHS Markit компаниясы әлемдегі қазіргі заманғы бизнес климатын белгілейтін салаларда, сондай-ақ энергетика, халықаралық саясат пен экономика саласында аналитикалық зерттеулер мен сараптамалық бағалардың жетекші өнім берушісі болып табылады. Дүниежүзінің 140-тан астам елінің іскерлік шеңберлері мен үкіметтерінің өкілдері тиімді шешімдерді таңдауда және ықпалды стратегияларды жедел әзірлеу үшін IHS Markit тәуелсіз деректері мен қолайлы әдіснамасына сүйенеді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.