Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА)
ХЭА - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) шеңберіндегі автономды халықаралық орган. ХЭА 1974 жылы 1973 – 1974 жж. мұнай дағдарысынан кейін құрылды. Ұйымды құру идеясын АҚШ көтерді, ол ОПЕК-ке қарама-қарсы жаңа халықаралық ұйым құруға ұмтылды.
ХЭА мүшелері – ОЭСР 29 мемлекеті: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Португалия, Корей Республикасы, Словакия, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония.