Ұлттық энергетикалық баяндама
ned.jpgKAZENERGY 2015 Ұлттық Энергетикалық Баяндамасы қазақстан экономикасының базалық секторларының ағымдағы жағдайы мен даму преспективасы туралы жиынтық ақпарат береді.
Баяндаманың негізгі міндеті - көмір, мұнай-газ, уран салаларының, сонымен қатар электр және жылу энергиясын өндіру, табыстау, бөлу, маркетингі және тұтыну салаларының ағымдағы жай-күйіне шолу жасау. Баяндамада сонымен бірге Қазақстанның жаңармалы энергия көздерін пайдалану бойынша әлеуетіне, «жасыл бастаманың» іске асырылуына, экономиканың энергия және ресурс сыйымдылығын азайтуға, оның ішінде Астана қаласында EXPO-2017халықаралық көрмесін өткізу тұрғысында баға беріледі.

Оған қоса материалда Қазақстанның экономикасы мен энергетикасына ерекше әсер еткен геосаяси және экономикалық ауысулар туралы зерттеулер берілген. IHS талдаушылары шикі мұнайдың жиынтық өндіру ауқымын ұлғайтуға байланысты, сонымен қатар халықаралық мұнай нарығындағы баға белгілеу туралы Қазақстан болашағының орта мерзімді картинасын жасады.

Қазіргі уақыттың қалыптасқан жаңа сын-қатерлерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының өңірдегі тұрақты саяси және экономикалық дамуға бағытталған стратегиясын ескере отырып, сіздердің назарларыңызға KAZENERGY 2015 Ұлттық Энергетикалық Баяндамасының электронды нұсқасын ұсынамыз.


Баяндаманы жүктеп алу