Экология және қоршаған ортаны қорғау

Қауымдастық экологиялық қызметтер шеңберінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау барысында табиғат пайдаланудың заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруде қауымдастық мүшелері – мұнай-газ және энергетика кешені кәсіпорындарының ортақ ұстанымын жасай отырып, экологиялық заңдарды жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысады, сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуде қауымдастық мүшелерінің ұстанымын білдіреді. Қауымдастық ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканы тұрақты дамыту үшін жағдай жасауға ұмтылады.