Cеминарлар мен тренингтер
«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі негізінде, Қауымдастық алдына қойылған міндеттердің бірі - Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенінің қызметкерлері арасында біліктілік деңгейін жоғарылату болып табылады.

Қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыру және құзыреттілікті дамыту бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін «KAZENERGY» қауымдастығы Сіздердің компанияларыңыздың семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыруда және жүргізуде толық көмек көрсетуге әзір.

Өз тәжірибемізге сүйене отырып, біз клиентке қажетті саладағы мәселелердің мәнін қысқа мерзім ішінде зерттеуге бар күш-жігерімізді саламыз және оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынамыз. Біздің кәсіпқой командамыздың Сіздердің компанияларыңызға сапалы қызмет көрсету үшін қажетті мүмкіндіктері және ресурстары бар.