«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстары туралы
«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстары туралы

2017 жылғы 19-20 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті С.С. Әбденовтың төрағалығымен өткізілген Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар отырысқа мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің кәсіби одағының өкілдері де қатысты.

Үйлестіру кеңесі отырысының шеңберінде бірқатар мәселелер, атап айтқанда Қауымдастықтың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының құқық қолдану практикасын талдау жөніндегі сараптау тобының құрамындағы жұмысы туралы мәселелер қаралды. Отырыс қатысушыларына Сараптау тобы жұмысының ағымдағы мәртебесі ұсынылды, барынша өзекті ескертулер мен ұсыныстар талқыланған болатын. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша өзектендіріліген ескертулері мен ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберуді шешті.

Сонымен қатар Ernst&Young компаниясының өкілдері «Бизнестің елді дамытудағы қосқан үлесін бағалау» тақырыбына семинар өткізді. Осы тақырыпқа деген қызығушылық экономиканың әртүрлі салаларының елді дамытудағы қосқан толық үлестерін бағалау туралы білім алу мүмкіндігімен байланысты. Отырыс қатысушылары елдің экономикасына толық қосылған үлесін бағалау әдіснамасымен егжей-тегжейлі танысқан болатын, бизнеске осындай бағалауды жүргізудің орындылығы жөнінде білді. Семинар ұйымдастырушылары тыңдаушыларға осындай бағалау бизнеске шешім қабылдауда қалайша көмектесе алатындығы, сондай-ақ бағалаудың нәтижелері коммуникация құралы ретінде, оның ішінде компанияның корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жұмысы шеңберінде бағалау нәтижелері қалай пайдаланылуы мүмкін екендігі жөнінде хабар берді. Семинардың аяқталуы бойынша отырыс қатысушыларына Ernst&Young компаниясынан сертификаттар берілді.

2017 жылғы 23-24 қарашадағы Үйлестіру кеңесінің отырысында бірқатар мәселелер, атап айтқанда салада кәсіби стандарттарды әзірлеу және Мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия салаларындағы Салалық келісім мазмұнында минималды тарифтік мөлшерлемелердің көрінуі туралы мәселелер қаралды.

«KAZENERGY» қауымдастығы қауымдастық мүшелерін кәсіби стандарттарды әзірлеу әдістемесімен таныстыру және салада кәсіби стандарттар мәселесінің маңыздылығы түсінігін қалыптастыру мақсатында «Қазақстанда кәсіби стандарттарды әзірлеу» тақырыбына Ernst&Young компаниясын шақырды.
Қатысушылар семинар шеңберінде Қазақстанда кәсіби стандарттарды әзірлеудің алғышарттары, Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесі, Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін кәсіби стандарттары әзірлеу әдістемесі туралы таныс болды.

24_11_17.JPG
20_10_17_г_.jpg
20_10_17_.jpg
24_11_17_г_.jpg