Бағдарлама туралы

logo-obrazovatelnyi.png

Бүгінгі таңда ұзақ мерзімді саяси және стратегиялық мақсаттағы көптеген қазақстандық компаниялар үшін процеске қатысушылардың барлығына өзара пайда әкелетін әлеуметтік инвестицияларға өту болып табылады. "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының саяси басым бағыттарының бірі бейінді және басқа да ғылыми-консультативтік және білім беретін ұйымдар мен мекемелерді қолдау болып табылады.

Еліміздің кадрлық резервін кеңейту мақсатында Қауымдастық өз өмірін мұнай-газ және энергетика саласымен байланыстырғысы келетін қазақстандық жастарды қолдайды. Перспективалы, белсенді, үміт арттыратын студенттер және бейінді оқу орындарының оқушылары "KAZENERGY" қауымдастығы атынан атаулы гранттар мен стипендиялар ала алады. Бұдан басқа ғылыми-білім беру қызметін қолдау үшін техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің мұнай-газ және ІТ пәндерінің оқытушыларына да гранттар көзделген.

"KAZENERGY" қауымдастығының стипендиялары мен гранттарының байқауына қатысу үшін сайттағы тиісті сауалнаманы толтыру қажет.