Сафи Өтебаев атындағы ШЕВРОН стипендиясы

Жобаның демеушісі:

chevron_1.jpg

СТИПЕНДИАТТАРҒА арналған ақпарат


 Қысқы және жазғы сессия қорытындысы бойынша жылына екі рет KAZENERGY Білім беру бағдарламасы стипендиаттарының үлгерімін бақылау жүзеге асырылады. Осыған байланысты әр стипендиат сессияны тапсырғаннан кейін 1 ақпанға және тиісінше 25 тамызға дейін candidate@kazenergy.com электронды мекенжайына транскриптті не ведомостан көшірме үзіндіні ұсыну қажет.



Сафи Өтебаев атындағы «ШЕВРОН» компаниясының стипендиясын тағайындау үшін ҮМІТКЕРЛЕРГЕ арналған ақпарат

KAZENERGY білім беру бағдарламасы және «ШЕВРОН» компаниясы 2017 жылы 10 жылдық ынтымақтастығына орай және Қазақстан Республикасының көрнекті мұнайшысына тиісті құрмет көрсете отырып, Сафи Өтебаев атындағы «ШЕВРОН» компаниясының стипендиясын тағайындау туралы жариялады.


Өтебаев Сафи Өтебайұлы жөнінде ақпарат

utebaev3.jpg Родился 25 мая 1909 года в с.Карабатау Гурьевской области.
  • 1909 жылы 25 мамырда Гурьев облысының Қарабатау ауылында дүниеге келді.
  • 1935 жылы Баку мұнай институтын аяқтады.
  • 1936-1945 жж. – 1936-1945 жж. "Мақат" ,"Құлсары", "Комсомол" МӨБ-ның бастығы, инженер, "Ембімұнай" тресінің бас инженері.
  • 1945-1951 жж. Қазақстан КП Жылықос аудандық комитетінің бірінші хатшысы
  • 1951-1957 жж. Гурьев қаласындағы "Қазақстанмұнай" бірлестігінің бастығы.
  • 1957-1965 жж. Батыс Қазақстан және Гурьев облыстары кеңесхалшаруашылығы төрағасы.
  • 1965-1971 жж. Шевченко қаласындағы "Қазақстанмұнай" бірлестігінің бастығы.
  • 1971-1980 жж. Мемжоспар техникалық ақпараттар ҒЗИ директорының орынбасары.
  • 1980 жылдан бері дербес зейнеткер.
Ленин, Октябрь революциясы, 2- дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Отан","Еңбек Қызыл Ту" (екі рет), 1-дәрежелі "Барс" (2004) ордендерімен, КССР-дің Құрметті мұнайшы медальдарымен марапатталған.

ҚазССР ғылым және техникаға еңбегі сіңген қайраткер.

Ақтау, Атырау қалалары, Жылықос ауданының құрметті азаматы.

Құлсары, Комсомол, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен, Прорва, Теңіз мұнай кен орындарын алғашқы ашушы.

Мұнай өнеркәсібін дамыту жөніндегі басылып шыққан 30 астам еңбектердің, қазақ тіліндегі екі естеліктер кітабының авторы.

2007 жылы 12 сәуірде қайтыс болды.

ЖОО студенттеріне KAZENERGY білім беру бағдарламасының стипендиясын тағайындау үшін студенттерді іріктеу өлшемшарты
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мұнай-газ және энергетика салаларының мамандықтары бойынша күндізгі бөлімінде оқу;
  • Оқу үлгерімінің жоғары болуы (білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ең жоғары мәннің кемінде 60%-на ҰБТ/КТ сертификатының сәйкес келуі, жоғары оқу орындарының 1-курсының студенттері болып табылатын үміткерлер үшін), (2-4 курс студенттері болып табылатын үміткерлер үшін алдыңғы академиялық оқу жылының қорытындысы бойынша GPA 3,33 балл және одан жоғары болуы тиіс);
  • Стипендия алуға өтінім беру кезінде өзге стипендиялардың жоқтығы;
  • Стипендияны тағайындауға үміткерлерді іріктеу grant.kazenergy.com-да тіркелген студенттер арасында ғана жүргізіледі.
Қосымша өлшемшарттар:
  • «Алтын белгі» төсбелгісінің, үздік аттестаттың болуы;
  • Халықаралық, республикалық, өңіраралық, облыстық, аудандық, қалалық ғылыми конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға, симпозиумдарға қатысу;
  • Ғылыми мақалалардың болуы;
  • Мұнай-газ және энергетика кешендерінде өндірістік тәжірибеден/тағылымдамадан өту;
  • KAZENERGY білім беру бағдарламасына, жастар форумына және өзге де жобаларына қатысу;
  • Оқу орнының қоғамдық өміріне қатысу;
  • Спорттық, шығармашылық жарыстарға, олимпиадалға, байқауларға қатысу;
Стипендияларды тағайындауға іріктеу жүргізу кезінде табысы төмен, көп балалы отбасының және толық емес отбасынан шыққан үміткерлердің, сондай-ақ сол бұрынғы білім деңгейінде оқып жатқан алдынғы жылдар стипендиаттардың артықшылықтары бар.
Колледждер студенттеріне KAZENERGY білім беру бағдарламасының стипендиясын тағайындау үшін студенттерді іріктеу өлшемшарты
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Қазақстан Республикасының колледждерінде мұнай-газ және энергетика салаларының мамандықтары бойынша күндізгі бөлімінде оқу;
  • Оқу үлгерімінің жоғары болуы (негізгі орта білімі туралы куәліктің немесе жалпы орта білім аттестатының орташа балы кем дегенде 4,0 (5,0-ден) сәйкес келуі, 1-курсының студенттері болып табылатын үміткерлер үшін), (техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 2-4 курс студенттері болып табылатын үміткерлер үшін кем дегенде 4,5 (5,0-ден) болуы тиіс);
  • Стипендия алуға өтінім беру кезінде өзге стипендиялардың жоқтығы;
  • Стипендияны тағайындауға үміткерлерді іріктеу grant.kazenergy.com тіркелген студенттер арасында ғана жүргізіледі.
Қосымша өлшемшарттар:
  • «Алтын белгі» төсбелгісінің, үздік аттестаттың болуы;
  • Халықаралық, республикалық, өңіраралық, облыстық, аудандық, қалалық ғылыми конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға, симпозиумдарға қатысу;
  • Ғылыми мақалалардың болуы;
  • Мұнай-газ және энергетика кешендерінде өндірістік тәжірибеден/тағылымдамадан өту;
  • KAZENERGY білім беру бағдарламасына, жастар форумына және өзге де жобаларына қатысу;
  • Оқу орнының қоғамдық өміріне қатысу;
  • Спорттық, шығармашылық жарыстарға, олимпиадалға, байқауларға қатысу.
Стипендияларды тағайындауға іріктеу жүргізу кезінде табысы төмен, көп балалы отбасының және толық емес отбасынан шыққан үміткерлердің, сондай-ақ сол бұрынғы білім деңгейінде оқып жатқан алдынғы жылдар стипендиаттардың артықшылықтары бар.


2018-2019 оқу жылына Сафи Өтебаев атындағы «Шеврон» компаниясының стипендиясына ие болғандар:

Колледждер студенттері:

  1. Черноиванова Эвелина Константиновна
  2. Жумабеков Данияр Асылбекович
  3. Шингисбаев Дастан Ерланұлы
  4. Серік Сиғұатолла Бауыржанұлы
  5. Иманмусин Құрмет Аянұлы
  6. Корганбаев Абай Болатович
  7. Шора Айдос Серікұлы 
  8. Уалиханова Дана Нурлановна
  9. Мальков Дмитрий Максимович
  10. Нұрбалиев Ернар
  11. Богдашин Илья Александрович
  12. Тургенев Иван Сергеевич

Жоғары оқу орындарының студенттері:

  1. Асланбеков Аманхан Асыланбекұлы
  2. Советканов Нұрлан Шоқанұлы
  3. Каирлиева Альбина Ерсаиновна
  4. Сапиев Ербұлан Самиголлаұлы
  5. Сергейқызы Ардақ
  6. Серікқалиева Дана Серікқалиқызы
  7. Хомяк Диана Евгеньевна
  8. Ахметжан Мақсат Рахатұлы
  9. Тутжанов Ержан Нурланович
  10. Қамидуллина Айкөркем Қабылғазықызы
  11. Тәжімбетова Айдана Серікқызы


«KAZENERGY білім беру бағдарламасы» жобасына қатысу мәселелері бойынша бағдарлама үйлестірушісі Кравченко Розаға хабарласуға болады: тел. +7 7172 79 49 75, Е-mail: r.kravchenko@kazenergy.com