Жер қойнауын пайдалану

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің жобасы

2013 жылдан бастап Қазақстанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі - Кодекс жобасы) кодекс жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл нормативтік құқықтық акт жер қойнауын пайдалану саласындағы тиімді реттеулерді қалыптастыру, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар бизнес үшін түсінікті «ойын шартын» құру мақсатында жер қойнауын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға арналған.  
Қауымдастық өз кезегінде тиісті мақсатты жоба шеңберінде озық халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып Кодекс жобасының (КСШ бөлігі) Тұжырымдамасын, сонымен қатар салық режимін өзгерту бойынша түзетулер пакетін әзірледі. 
Қауымдастықтың осы жұмысқа қатысуы шеңберінде Кодекс жобасының тұжырымдамасы мен салықтық түзетулер пакетіне бірқатар тәсілдер енгізілді, олар: 

  • компанияға салынатын салықтық және салықтық емес жүктемелерді азайту;
  • әкімшілік кедергілерді азайту;
  • құқық қолдану тәжірибесінің іс жүзіндегі қиындықтарын шешу;
  • кодекске мынадай жаңа ендірмелер енгізіледі;
  • жер қойнауын басқару бағдарламасын әзірлеу және қабылдау;
  • геологиялық ақпараттың жария түрде болуы;
  • қорларды есептейтін халықаралық жүйеге көшу;
  • жер қойнауын геологиялық зерттеудің жаңа келісімшарт нысандары;
  • «тоқтату мәртебесі».
Осылармен бірге кодексте төмендегілерге де қатысты ережелер қаралады: 
  • барлау, өндіру шарттары;
  • ұлттық компаниялар режимі;
  • арбитраж құқығы;
  • жобалау құжаттарын, сонымен қатар бақыланатын көрсеткіштерді қайта қарау;
  • жергілікті үлес бойынша талаптар;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуын мемлекеттік бақылау.
Кодекс жобасының тұжырымдамасы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-та 2015 жылғы шілдеде бекітілді. 
Үкіметтің 2016 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспарына сай Кодексті әзірлеу және Үкіметке енгізу жұмысын 2016 жылғы қазанға дейін аяқтау қажет.