Жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен оқу

Жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен білім беру бағдарламасы

Жыл сайын 2015 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, «НКОК Н.В.», «КПО Б.В.» және «KAZENERGY» қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.
Үміткерлерді іріктеу бойынша байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары:  

  •  жалпы білім беру мектептерінің, гимназиялардың, бейінді мектептердің, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері;
  •  жоғары оқу орындар мен колледждердің студенттері қатыса алады.


1. Колледждерге оқуға түскен және онда оқып жатқан тұлғалар үшін байқауға қатысу шарттары: 

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген ең жоғары мәнінен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа балы кем дегенде 4,0 (5,0 балл ішінен) немесе жалпы орта білімі туралы аттестаттың орташа балы кем дегенде 80% сәйкес болуы;
  • ҰБТ/КТ сертификатының (болған жағдайда);
  • студент үлгерімінің орташа балы кем дегенде 4,5 (5,0 ішінен) сәйкес болуы;
  • оқуға түскендердің/оқып жатқандардың қол қойылған (оқу орынның ресми бланкісінде не мөрі басылған) оқуға қабылдануы/оқуы туралы анықтаманы ұсынуы (заңды тұлғалардың төлем үшін белгілеген бір академиялық оқу жылының оқу құнын, курсын және оқу нысанын, қаржылық берешегінің жоқтығын көрсете отырып).


2.Жоғары оқу орындарына оқуға түскен және онда оқып жатқан тұлғалар үшін байқауға қатысу шарттары: 

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген ең жоғары мәнінен жалпы орта білімі туралы аттестаттың орташа балы кем дегенде 80% және/немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген ең жоғары мәнінен ҰБТ/КТ сертификатының кем дегенде 60%-ға сәйкес болуы;
  • студенттің диплом бойынша үлгерімінің орташа балы кем дегенде 4,5 (5,0 ішінен) немесе GPA кем дегенде 3,33 (В+) сәйкес болуы;
  • оқуға түскендердің/оқып жатқандардың қол қойылған (университеттің ресми бланкісінде не мөрі басылған) оқуға қабылдануы/оқуы туралы анықтаманы ұсынуы (заңды тұлғалардың төлем үшін белгілеген бір академиялық оқу жылының оқу құнын, курсын және оқу нысанын, қаржылық берешегінің жоқтығын көрсете отырып);
  • шетелдік оқұ орындарда «магистр» академиялық дәрежесін алу үшін үміткер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа 1-2 беттен тұратын (4000 белгіден артық емес) эссе ретінде мемлекеттік/орыс/ағылшын тілдерінде уәждемелік хат ұсынады, онда үміткер өзінің академиялық қызығушылықтары, тәжірибесі мен жетістіктері, өмірлік ұстанымдары мен мақсаттары туралы баян етеді. Уәждемелік хатта төмендегі үш басты сұраққа негізделген жауап болуы қажет, бірақ шектелмеуге де болады:
    • Не себептен таңдалған мамандық бойынша оқу бағдарламасына оқуға түсуге ниет білдірдім?
    • Не себепті таңдалған бағдарлама бойынша оқуға жарамдымын?
    • Менің тәжірибемнің ерекшелігі, бірегейлігі немесе әсер тудырғыштығы неде? 

Байқауға қатысу үшін құжаттар тізбесі:
  1. Колледж студенттері үшін
  2. Жоғары оқу орындары студенттері үшін
  3. Өтініш нысаны

Байқауға қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу мына кезеңдерде жүзеге асырылады: 

  • 2018 жылғы 10 шілдеден бастап 15 тамызға дейін (оқуын жалғастырып жатқан тұлғалар үшін);
  • 2018 жылғы 10 шілдеден бастап 25 тамызға дейін (1-курсқа оқуға түскен түлғалар үшін).

Электронды өтінімді grant.kazenergy.com сайтында жоғарыда көрсетілген мерзімде толтыру қажет.

Сайтқа өтінім беру тәртібі

Үміткерлер құжаттарын қарау құжаттарды қабылдау аяқталған күнінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Комиссияның хаттамалық шешімінің қорытындысы бойынша іріктеуден өткен үміткерлер тізімі «KAZENERGY» қауымдастығының сайтына орналастырылатын болады.

Барлық мәселелер бойынша 8 (7172) 79 49 75 телефон нөмірі бойынша, сондай-ақ candidate@kazenergy.com эл.мекенжайына хабарласуға болады.

FAQ

1.Белгіленген үлгідегі өтінішті қайдан алуға болады?
Белгіленген үлгідегі өтінішті www.kazenergy.com – Білім беру бағдарламасы – Стипендиялар мен гранттар – Жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен оқу бөлімінен ала аласыз.
2. Белгілеген бір академиялық оқу жылының оқу құнын көрсете отырып, оқуға қабылдануы/оқуы туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Осы анықтама деканатта/оқу бөлімінде беріледі. Анықтамада заңды тұлғалардың төлеуі үшін 2018-2019 академиялық оқу жылының оқу құны, курсы және оқу нысаны көрсетіліп, қол қойылуы тиіс (оқу орынның ресми бланкісінде не мөрі басылған).
3. Өтінішті WORD пішімінде жіберуге бола ма?
Жоқ, өтінішті, басқа қалған құжаттар сияқты қол қойылған және сканерленген түрінде жіберу қажет.
4. Өтініште мамандық кодын көрсету қажет пе?
Иә, міндетті түрде.
5. Өтініште «Білім беру деңгейі» жолында менің сол кездегі білім деңгейімді әлде байқауға қатысу үшін құжаттарды бергенде ниет білдірген білім деңгейін көрсету қажет пе?
Сіз құжат тапсырып жатқан білім деңгейін көрсетесіз.
6. Сырттай оқи отырып, байқауға қатыса аламын ба?
Өкінішке орай, жоқ. «KAZENERGY» білім беру бағдарламасы модульді, қашықтықтан, сырттай оқу және білім алудың басқа түрлерін қоспағанда күндізгі оқу нысанын ғана көздейді.
7. Өтініште үлгерімнің орташа балын қай жылға көрсету қажет? Алдынғы барлық жылдар үшін орташа (жалпы) балды көрсету қажет пе?
Алдыңғы бір оқу жылы үшін ғана орташа балды көрсету қажет. Мысалы, егер сіз 2018-2019 оқу жылында 3-курс студенті болсаңыз, онда 2-курс үшін ғана GPA көрсетуіңіз қажет (Сіздің транскриптіңізде кумулятивті алғашқы 2 жыл үшін көрсетілген GPA шатыстырмаған жөн).
8. Егер мен 4-курс бакалавриат студенті болсам, ҰБТ балы маңызды ма?
ҰБТ балы 1-курсқа оқуға түскендер үшін ғана ескеріледі.
9. Өтінішке қол қою міндетті ме?
Иә, міндетті. Бұл өтінішіңіздің түпнұсқалылығын және сізге тиесілі екенін дәлелдейді.
10. Отбасының құрамы жөнінде анықтаманы ұсыну міндетті ме? Егер міндетті болса, қайдан алуға болады?
Егер сіз кәмелетке жасы толмаған, көп балалы (4 және одан астам бірге тұрып жатқан (уақытша үйде болмағандарды қоспағанда) отбасынан болсаңыз, отбасының құрамы туралы анықтама қажет. Осы анықтаманы нотариус, ата-ананың жұмыс орнынан кадрлар бөлімі береді.
11. Байқау нәтижелері қашан белгілі болады?
Байқау нәтижелері а.ж. 15 қыркүйектен кейін белгілі болады.
12. Егер мемлекеттік грант алатын болсам, байқауға қатысудан бас тарта аламын ба?
Иә, мұндай жағдайда Сіз «KAZENERGY» білім беру бағдарламасының үйлестірушісіне (8(7172) 79 49 75, candidate@kazenergy.com) мемлекеттік грант алғаныз жөнінде және жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен оқуға ниет білдірмейтіндігіңіз жөнінде хабарлауыңыз қажет.
13. Мен Ресей Федерациясының азаматымын (азаматшасымын), байқауға қатыса аламын ба?
Өкінішке орай, жоқ, себебі байқауға қатысудың міндетті шарты барлық үміткерлерде Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы қажет.
14. Мен 2-курс студентімін. 2-курс бойынша үлгерімнің орташа балы 3,30 құрайды. Байқауға қатыса аламын ба, маған 0,03 балл ғана жетпей тұр?
Өкінішке орай, байқауға Сізді тіркеу мүмкін емес, себебі студенттің соңғы жыл үшін үлгерімінің орташа балы кем дегенде 3,33 (В+) болуы тиіс.
15. KAZENERGY білім беру бағдарламасы білім алушының тұруына жұмсалатын шығыстарды өтей ме?
Бағдарлама 1 (бір) акадаемиялық оқу жылының шығысын ғана өтейді. Бағдарлама жанама шығыстарды (тұру, ұшу, оқулықтар алу, стипендия, виза ресімдеу және т.б.) өтемейді.
16. Егер мен грантты ұтып алсам, кейіннен компанияда оны өтеуім керек пе?
Грант алушылардың Мердігерлер алдында оқудан кейін міндеттемелері жоқ.
17. Мен Ұлыбританияның ең беделді оқу орындарының бірінде оқимын. Сіздің байқауыңызға қатысқым келеді.Оқуымның бір жылдық құны 70 мың фунт стерлинг. Егер мен «KAZENERGY» білім беру грантын ұтып алсам, компания осы соманы төлей ала ма?
Байқау қағидаларына сәйкес шетелде оқу бөлігінде кейбір шектеулер бар. Ақпаратты нақтылау үшін білім беру үйлестірушісімен 8(7172) 79 49 75 телефоны бойынша байланысу қажет.
18. Мен биыл мектепті бітірдім және АҚШ-қа бакалавриатқа оқуға түскім келеді. Байқауға қатысу үшін құжат тапсыра аламын ба?
Өкінішке орай, жоқ. «Бакалавр» академиялық дәрежесін шетелде алу қарастырылмаған.
19. Мен «KAZENERGY» білім беру грантын өткен жылы ұтып алдым. Биыл байқауға қатысу үшін құжаттарды қайтадан тапсырамын ба? Жыл сайын қатысу үшін бір рет құжат тапсырсам жеткілікті ме?
Өкінішке орай, жоқ. Сіз «KAZENERGY» білім беру грантын алу үшін байқауға қатысуға құжаттар пакетін жыл сайын жіберуіңіз қажет.
20. Мен candidate@kazenergy.com поштасына құжаттар пакетін жібердім, бірақ бағдарлама үйлестірушісінен жауап әлі келмеді, мен барлығын жұрыс жасадым ба?
2018 жылы KAZENERGY» қауымдастығының білім беру бағдарламасының байқауына қатысу үшін өтінім беру шарттары өзгерді. Электрондық өтінімді grant.kazenergy.com. сайтында толтыру қажет. Сandidate@kazenergy.com құжаттар пакетін (өтінімдерді) қабылдау ағымдағы жылдан бастап жүзеге асырылмайтын болады.
21. Платформаға сілтемені қайдан таба аламын?
Платформаға сілтеме – grant.kazenergy.com.
22. Жүйе қалай жұмыс істейді?
Сайтта тәртібі көрсетілген, онда жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражаты есебінен оқу ақысын төлеуге байқау іріктеуіне қатысуға өтінім беру үшін нұсқаулық берілген.
23. Барлық жолдарды толтыру міндетті ме?
Иә, міндетті түрде толтырылатын жолдар * (жұлдызшамен) белгіленген. Егер барлық міндетті жолдар толтырылмайтын болса, өтінімді жіберу мүмкін емес.
24. Өтінімнің жеткенін қалай біле аламын?
Сәтті тіркелгеннен кейін Сіздің поштаңызға өтініміңіз әкімшінің қарауына қабылданғаны жөнінде хабарлама келеді. Егер әкімші Сіздің өтініміңізді мақұлдаса, өтінім Комиссияның қарауына сәтті түрде берілгендігі туралы хабарлама поштаңызға келіп түседі.
25. Егер мен бір жерде қате жіберсем, өтінімді қайтадан жібере аламын ба?
Иә, Әкімшіден өтінімді мақұлдағаны туралы хабарлама келіп түскенге дейін Сіз өз деректеріңізге қажетті өзгерістер енгізе аласыз. Сонымен қатар барлық мәселелер бойынша 8 (7172)79-49-75 телефонына, сондай-ақ candidate@kazenergy.com электронды поштасына хабарласа аласыз.


«KAZENERGY» қауымдастығының болжауы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ТОП рейтингі

«KAZENERGY» қауымдастығының болжауы бойынша Қазақстан Республикасының колледждерінің ТОП рейтингі

ҚР аумағындағы оқу орындардың осы ТОП рейтингін «KAZENERGY» қауымдастығы отандық және халықаралық рейтингтердің негізінде ең үздік оқу орындарын анықтау үшін әр 3 (үш) жыл сайын жасайды. ТОП рейтинг Мердігерлер бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу бойынша байқау шеңберінде білім беру грантын тағайындауға әсер етпейді және оның ақпараттық сипаты бар.