top
top
Энергия тиімділігіне шолу жасау
obzor_effect.pngҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатына шолуда «Қазақ мұнай және газ институты» Энергетика орталығы АҚ мен «KEGOC» АҚ-ның қолдауымен Энергетикалық Хартия Хатшылығы мен KAZENERGY қауымдастығы жүргізген Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясаты зерттеледі.
Шолудың негізгі мақсаты - ағымдағы жағдайға тәуелсіз әрі объективтік баға беру және тиісті ұсыныстар жасап шығару, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Шартқа қатысушы елдермен қазақстандық тәжірибе алмасу болып табылады.
Осы еңбектің негізгі міндеті::
1. Қазақстан Республикасының энергия тиімділігі саласындағы саясатының жай-күйіне кешенді шолу.
2. Басты қиындықтар мен кедергілерге, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру саясатын табысты іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарға талдау жасау.
3. Дамыған елдердің энергия тиімділігін арттыру және мемлекеттік реттеу мхеанизмдерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау саласындағы озық тәжірибесіне шолу жасау.


Шолуды жүктеп алу



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.