Стратегия
Стратегияны жүктеу

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика
кешені ұйымдарының қауымдастығы»
заңды тұлғалар бірлестігі

Миссиясы

Энергетикалық қауымдастық қатысатын ұлттық өсу жүйесіне тиімді қол жеткізуге көмектесу және үйлестіру, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенінің тұрақты дамуына ықпал ету және саланың барлық қатысушылары арасында диалог ұйымдастыру арқылы қауымдастық мүшелерінің қызметтеріне жағымды жағдай жасау.

Мақсаты 
Бизнес пен билік арасында диалог орнату, мемлекет пен энергеьтикалық компаниялардың мүдделерін баланстау арқылы стратегиялық міндеттерді орындауда KAZENERGY қауымдастығының рөлін арттыру.

Міндеттері; Стратегиясы

  1. Мынадай міндеттерді шешу бойынша қауымдастық мүшелерінің қызметтерін үйлестіру:
    • Геологиялық барлау және мұнай мен газ өндіруді арттыру;
    • Мұнай мен газ тасымалдау;
    • Мұнай өңдеу, мұнай химиясы, мұнай және мұнай өнімдерінің маркетингң;
    • электр энергетикасын, баламалы және жаңармалы энергия көздерін дамыту;
    • атом энергетикасы мен өнеркәсіпті дамыту.
  2. Өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызы зор инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеуге көмектесу.
  3. Саланың инновациоялық және технологиялық дамуын ынталандыру.
  4. Салалық жергілікті үлесті дамыту бағдарламаларын қолдау.
  5. Алдыңғы қатарлы корпоративтік басқару әдістерін енгізу.
  6. Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау.
  7. Энергетикалық саладағы адами капиталды дамыту және білікті кадрларды даярлау.
  8. Энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  9. Энергетикалық кешен салаларындағы интеграциялық процестердің дамуын жандандыру.
  10. Салалық нормативтік және құқықтық базаны жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер
  1. Елдегі ірі салалық бірлестіктің позициясын күшейту.
  2. Мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жасауда энергетикалық кешен ұйымдары мен кәсіпорындарының іскерлік мүддесін біліктілікпен жақтау.
  3. Өндіріс қауіпсіздігі, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі озық ұғымдарды енгізу.
  4. Адами ресурстарды дамыту және ынталандыру жүйесін енгізуде күшті әлеуметтік саясатты қалыптастыру.
  5. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, энергетика саласындағы өңірлік интеграциялық процестерді дамыту.
  6. Ақпараттық-аналитикалық қызметтер спектрін ұлғайту, сарапшылар мен кеңесшілерді тарту, баспа өндірісін дамыту.
  7. Саланың оң беделін қалыптастыру.