ЖАРҒЫ
ЖАРҒЫСЫ

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені 
ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ

Астана, 2013 ж. «08» тамыз

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 1.Бұдан әрі «Қауымдастық» аталатын «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі заңды тұлғалардың бастамасымен құрылған. Ұйым еріктілік, мүшелердің теңдігі незінде әрекет етіп, өзін өзі басқарады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес қауымдастық жұмысы айшық әрі жариялы түрде жүргізіледі.

2. Қауымдастықтың басты мақсат мүддесі Қазақстандағы мұнай-газ және энергетика кешені салаларының тұрақты әрі қарқынды дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру.

3. Қауымдастық Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының ерікті бірлестігі, тәуелсіз, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Мемлекеттік органдар кәсіпкерліктің мүддесіне қатысты бар шешімдер әзірлегенде ондағы заңды мүддені қорғап, ортақ шешімді әзірлеу барысында, Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамалық тәртібіне сай тиімді өкілеттік пен мүдделерді қорғауы үшін әрі мұнай-газ және энергетика саласын одан әрі дамытудың маңызды шарты ретінде  қауымдастық мүшелерінің өзара түсіністік негізінде салалық белгі бойынша күш біріктірген.

4. Қауымдастықтың толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

қысқартылғаны: «KAZENERGY» ЗТБ;

орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Казахстанская ассоциация организаций нефтегазового и энергетического комплекса «KAZENERGY»;

қысқартылғаны: ОЮЛ «KAZENERGY»;

ағылшын тілінде: Association of legal entities «Kazakhstan association of oil, gas and energy sector organizations «KAZENERGY».

қысқартылғаны: ALE «KAZENERGY»;

5. Қауымдастықтық мкен жайы: Қазақстан Республикасы, 010000,  Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 үй.

Қауымдастық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз әрекетін іске асырады.

2-тарау. Заңды мәртебесі

6. Қауымдастық заңды тұлға болып табылады, және өз әрекетін Қазақстан Республикасы заңдары негізінде жүзеге асырады.

7. Қауымдастық меншік иелегіне оқшау дүние-мүлікті иеленіп, өз міндеттері бойынша сол мүлкімен жауап береді. Өз атынан мүліктің және мүліктік емес жеке құқық пен міндеттерді жүзеге асырып, сотта арыздаушы да жауап беруші де бола алады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауымдастықтың өзіндік дербес балансы, Қазақстан Республикасы банктерінде ағымдағы және басқа да есеп шоттары, өз нышаны (эмблема) болады.  

8. Қауымдастықтың заңды тұлға ретінде құқыққа қабілеттілігі Қазақстан Республикасы заңдарының талабына сәйкес әділет органдарына тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

3-тарау. Қауымдастықты құру мақсаты мен қызметінің нысаны

9. Қауымдастық құрудағы мақсат заңды тұлғаларды біріктіріп, олардың ортақ, соның ішінде мүліктік мүдделерін қорғап, мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының тұрақты дамуына сеп болуға бағытталған әрекетін үйлестіру.

10. Қауымдастық әрекетінің насыны мыналар:

1) Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

2) Қауымдастық мүшелері - Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының дамуына қолғабыс етіп, қолдау;

3) Мемлекеттік органдар, халықаралық және коммерциялық емес ұйымдармен, өзге де үшінші тұлғалармен әріптестік кезінде қауымдастық мүшелерінің мүддесін құнттау, сарапшылар мен жұмыс топтары, комиссиялардың жұмысына қатысу;

4) Мұнай-газ және энергетика саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша Қауымдастық мүшелерінің бірегей көзқарасын қалыптастыру;

5) Заң шығару ісіне қатысып, мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының әрекеттерін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетілдіру бойынша сараптама жүргізіп, жаңа ұсыныстар мен әзірлемелер даярлау;

6) Қауымдастықтың өзге мүшелері мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық үлесті ұлғайтуға бағытталған механизмдерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

7) Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) мен бүкіләлемдік энергетикалық кеңестің (World Energy Council) мүшелігіне байланысты әрекеттер, соның ішінде ұйымда өкілдік етіп, Қазақстан мұнай-газ саласындағы заңды тұлғалар мүддесін қорғау, жоғарыда аталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ұлттық комитеттері қызметін атқару;

8) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мақсатты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру, оларды даярлау мен әрекетті үйлестіру;

9) ақпараттық-кеңес, ғылыми-әдістемелік және баспа жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс;

10) Мұнай-газ және энергетика саласындағы халықаралық тәжірибені саралау, халықаралық салалық ұйымдар, шет елдік компаниялармен әріптестікті нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

11) салалық және өзге де ғылыми, консультативтік, білім беру ұйымдары мен мекемелерін қолдау;

12) жеке экономикалық бастаманың барлық түрлері, кәсіпкерлік пен мұнай-газ ұйымдары және энергетика саласының дамуына сеп болар өзге де әрекеттер;

11. Осы ЖАРҒЫДА атап көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін Қауымдастық құлылы:

1) Жарғы мақсаттарына сәйкес кәсіпкерлік әрекетімен айналысып, түскен пайданы осы Жарғыда көрсетілген тапсырмаларды орандауға жұмсауға;

2) экономикалық реформаларды дамыту мен кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін жәрдем беріп, көмекке жүгінуге (ерікті жарна, гранттар және т.с.с);

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынғаннан бөлек, басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

12. Қауымдастық әрекеті қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамалары мен осы Жарғы шеңберінде жүзеге асырылады. 

4-тарау. Мүшелікке қабылдану және одан шығу тәртібі

13. Әрекеті Қауымдастық құру мақсаттары мен оның әрекет нысанына қайшы келмейтін, энергетика және мұнай-газ саласында еңбек ететін кез келген коммерциялық және коммерциялық емес ұйым қауымдастыққа мүше бола алады. Соның ішінде мұнай мен газ нысандарының құрылысын жүргізетін, өңдеуші, химиялық, құбыр тарту мен тасымалдаушы, газ шаруашылығын пайдаланушы, сұйытылған газды тасымалдап, сатушы, мұнай өнімдерін жөнелтуші, көмірсутегі кеніштерін геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстары және өзге де салаларда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар.

14. Қауымдастыққа қабылдау ісі қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Ол үшін алдымен мүшелікке өтуге тілек білдірген заңды тұлға атанынан өкілетті адам қауымдастық төрағасының атына өтініш жазып, мүшелік жарнаны төлеуі тиіс.

15. Қауымдастық мүшелігі ерікті түрде немесе қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімімен тоқтатылуы мүмкін.

16. Қауымдастық мүшесі ұйым қатарынан шыққысы келген жағдайда жазбаша өтініш берген күннен бастап бір ай аралығында кез келген күні шыға алады. Алайда мұнда қауымдастық мүшесі өзі қауымдастықтан шыққанға дейін туындаған міндеттемелері бойынша шыққан кезінен бастап екі жыл бойына оның өзінің жарнасына пара-пар субсидиярлық жауаптылықта болады.

17. Қауымдастық мүшелігінен айыру құқы Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының құзырында.

Қауымдастық мүшелігінен айырудың төмендегідей негіздері бар:

1) осы Жарғы ережелерін бұзу;

2) қызметтік немесе коммерциялық құпияны, болсамаса өзге де конфиденциалды ақпаратты жария ету;

3) Қауымдастыққа айтарлықтай залал келтіріп, қасқана оның беделіне нұқсан келтіретін әреттер жасау;

4) күнтізбелік жыл ішінде мүшелік жарнаны төлемеу;

5) Қауымдастықтың басқару органдарының шешімін орындамау;

18. Қауымдастық мүшесі ұйым қатарынан шықса, заңды тұлғаны таратса, болмаса қауымдастық қатарынан аластатылса оның мүшелік жарнасы қайтарылмайды.

5-тарау. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

19. ) Қауымдастық мүшелері құқылы:

1) осы Жарғыға сай Қауымдастықты басқару ісіне қатысуға;

2) Қауымдастық органдарына өз өкілдерін ұсынуға;

3) Қауымдастықтан шығуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдары, Қауымдастық Жарғысына сәйкес қауымдастықтың Атқару комитетінен өз міндетін тиянақты атқаруын талап етуге;

5) өзге де коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жұмысына қатысып, мүше болуға;

6) өзінің құқын қорғау ісіне септігін тигізуге қауымдастықтан көмек сұрап, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қажеттілігін толық қанағатттандыру үшін нақты көмек алуға;

7) мүшелік жарнамаларды төлеу мен дұрыс пайдалану, қауымдастықтың ішкі шаруашылық әрекетіне қатысты тексеріс ұйымдастыру бастамасымен қауымдастық Төрағасы мен қауымдастық Кеңесіне хабарласуға;

8) қауымдастықтық ішкі құжаттарына сәйкес мақсатты мүшелік жарна, өзге де төлемдерді өтеуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдары мен қауымдастықтық мүшелерінің ішкі құжаттары бекіткен тәртіпке сай қауымдастықтың ағымдағы әрекеттеріне өзіміздің жұмысшылардың барынша белсенді қатысуына сеп болар жағдай жасауға;

10) Қауымдастықтың Атқарушы комитетінен Қауымдастық мүшелерінің мүддесіне қатысты Қауымдастық әрекеті туралы уақытылы ақпар алуға құқылы.

20. Қауымдастық мүшелерінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғы шеңберінде әрекет ету;

2) Мүшелікке өту және жыл сайынғы мүшелік жарналарды уақытылы төлеп тұру;

3) Қауымдастық әрекетін жүзеге асыруға септігін тигізіп тұру;

4) Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы мен өзге де органдарының шешімдерін өз құзіреті аясында орындау.

21. Қауымдастық мүшелері өзінің дербестігін, әрі заңды тұлға құқын сақтап қалады.

6-тарау. Қауымдастықтың құқықтары

22. Қауымдастық құқылы:

1) мемлекеттік орган, халықаралық ұйымдар, заңды және жеке тұлғалармен өзара түсіністік туралы және тағы да басқа келісім-шарттар, меморандумдар жасауға;

2) Парламент, Үкімет пен өзге де ведомство, министрліктерде, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарында қауымдастық мүшелірінің мүдделері мен құқықтарын қорғауға, ондай мәселелерді ұйым мүшелерімен талқылауға қауымдастық бар күш жігерін жұмсауы шарт;

3) сарапталық және жұмыс топтарының әрекетіне араласу, қауымдастық мүшелері жария етуге құқылы коммерциялық ақпаратқа қол жеткізу;

4) бекітілген тәртіпке сай Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы заңнамаларын, мұнай-газ ұйымдары мен энергетика кешені кәсіпорындарының жұмысын реттейтін заңналарды жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізу. Алайда онымен шектелмей, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнама, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және салық, монополияға қарсы заңнамаларды жетілдіру ісіне ат салысу;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеген жағдайда ұжымдық мүше ретінде коммерциялық болмаса коммерциялық емес, соның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға кіріп, сол шет елдік ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан мүлік, ақша болмаса қаржылай көмек, гранттар алу;

6) Қазақстан Республикасының заңдары бекіткен тәртіпке сай банктерде ешеп шот ашу;

7) бекітілген тәртіпке сай тіркелген мөр, штамптар, Қауымдастықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде толық атауы жазылған бланктар мен эмблема нышанын жасау әрі пайдалану;

8) Меншікте оқшау дүние-мүлік, дербес баланс пен сметаны иленіп, жедел басқару;

9) Мүлік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену және пайдалану;

10) Қауымдастықтың мақсаты мен әрекет нысанына сай заңды тұлғалар құру, немесе өзге де заңды тұлғалар бірлестігіне қатысу;

11) филиалдар мен өкілдіктер ашу;  

12) Жарғыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражатты пайдалану;

13) сотта арызданушы және жауап беруші болу;

14) өз әрекеті туралы ақпарат тарату;

15) Бұқаралық ақпарат құралдарына құрылтайшы болу, сондай-ақ Қазақстақ Республикасының заңдары мен осы Жарғыға қа     йшы келмейтін өзге де әркеттер жасауға құқылы.

7-тарау. Қауымдастық мүлкін қалыптастыру көздері

23. Қауымдастық сатып алынған, балансында тұрған, ғимараттар, құрылыс пен  өндіріс, әлеуметтік-мәдени нысандар, қаржы, жер телімдері, көлік пен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлес, акциялар, бағалы қағаздар мен өзде де құнды заттар қауымдастық мүлкі болып табылады.

24. Қауымдастық мүлкін қалыптастыру көздері:

1) құрылтайшылардан келер түсім;

2) мүшелікке өту және жыл сайынғы мүшелік жарна;

3) демеушілік және қайырымдылық көмек болып есептелмейтін мақсатты жарналар;

4) ерікті мүліктік жарналар мен демеушілер көмегі;

5) Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіпке сай көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс, тауар сатылымынан түскен табыс;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер.

25. Мүшелікке өту және жыл сайынғы мүшелік жарнаның көлемін Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы айқындайды.

Мақсатты мүшелік жарна қауымдастық болмаса оның мүшелерінің нақты бір тапсырмаларды шешуі үшін берілетін ерікті жарна болып табылады.

Мақсатты мүшелік жарнаның мөлшерін қауымдастық мүшелері салалық үйлестіру кеңестерінің ұсынысына сүйене отырып белгілейді. 

Қауымдастықтың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес түскен мақсатты мүшелік жарна есебінен Қауымдастықтың мақсатты қорлары құрылуы мүмкін. Олардың қаражаты қауымдастықты құру мақсаты мен әрекет ету нысанасына сай арнайы жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуы мүмкін. 

26. Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау мен мүшелік жарналарды төлеу тәртібін Қауымдастық Кеңесі бекітеді.

8-тарау. Қауымдастықты қалыптастыру тәртібі мен басқару органдарының құзыреттілігі

27. Қауымдастықтың жоғары басқару органы қауымдастық мүшелерінің (олардың өкілдерінің) Жалпы жиналысы. Өкілдік тәртібі қауымдастық мүшелерінің әр қайсысы бір дауыс құқы бар бір өкілден. 

28. Қауымдастық мүшелерінің (құрылтайшылары) Жалпы жиналысында сайланған Қауымдастық Төрағасы басқарушы (жеке дара) орган болып табылады.

29. Ұйымда оның басқарушы органы болып табылатын Қауымдастық Кеңесі жұмыс істейді. Оған Қауымдастық Төрағасы жетекшілік етеді.

Қауымдастық кеңесі мүшелерінің саны 9 адамнан кем емес, Қауымдастық Төрағасы, Бас директор мен қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен жасақталады. 

30. Атқару комитеті Қауымдастықтың әрекетіне ағымдағы басшылық жасайтын атқарушы басқару органы болып табылады. Ол Қауымдастық мүшелерінің жалпы Жиналысына, Қауымдастық Төрағасына, Қауымдастық Кеңесіне есеп беріп, олардың шешімінің орындалуын ұйымдастырады. 

31. Ревизиялық комиссия бақылаушы (алқалы) орган болып табылады. Оның құрамы Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында 2 (екі) жыл мерзімге сайланады. Ревизиялық комиссия құрамы кемі 3 (үш) адамнан аз емес құраммен жасақталады.

32. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысына қатысушылардың айрықша құзырына мыналар жатады:

1) Қауымдастықтың Жарғысын қабылдау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

2) Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау мен қауымдастық мүшелігінен шығару туралы шешімдер қабылдау;

3) мүшелікке ену мен баз жыл сайынғы мүшелік жарнаның көлемін айқындау;

4) Қауымдастық Төрағасын сайлау мен оның өкілетін тоқтату;

5) Қауымдастық Кеңесі, Атқару комитеті мен Қауымдастықтың өзге де органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзырын анықтау, өкілеттілігін тоқтату;

6) атқарушы органның қаржылық есебінің тәртібі мен мерзімдерін айқындау, бақылаушы орган тексерісінің тәрітібі мен оның нәтижелерін бекіту;

7) Қауымдастықтың жылдық қаржылық есебін бекіту;

8) Филиалдар құрып, қауымдастықтың өкілдіктерін ашу;

9) Заңды тұлға құруға қатысу немесе өзге заңды тұлғалардың әрекетіне қатысу;

10) Қауымдастықты ерікті түрде қайта құру мен тарату туралы шешім шығару;

11) Қауымдастықтың тарату балансын бекіту;

12) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының хатшысын сайлау;

13) Ревизиялық комиссия мүшелерін сайлау мен олардың өкілеттілігін мерзімін бұрын тоқтату, ревизиялық комиссия туралы ережені бекіту;

14) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Қауымдастықтың Жарғылық құжаттарында қауымдастық мүшелерінің Жалпы Жиналасының құзырына жатқызылған өзге де міндеттер.

33. Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының хатшысы:

1) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының хаттамасын жүргізеді;

2) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының көзбе-көз әрі сырттай тәртіпте өтуін қаитамасыз етеді;

3) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысын өткізуге байланысты, Қауымдастық төрағасы мен Қауымдастықтың Бас директорының өзге де тапсырмаларын орындау жөніндегі әрекет.

34. Дауыс беру арқылы қабылданатын мәселе бойынша дауыстарды санау үшін қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы отырысқа қатысып отырған өкілдер арасынан немесе қауымдастық қызметкерлері арасынан есеп комитетіне үш адамды сайлайды.

35. Атқару комитеті мен бас директор қызмет лауазымын асыра пайдаланып шешім шығарған болса, қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы ол шешімнің күшін жоя алады.

36. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы отырысына ұйым мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда отырыс жұмысы заңды болып есептеледі. Егер осы Жарғыда басқа талап қарастырылмаған болса.

37. Осы Жарғының 17-i тармағы, сондай-ақ 1), 4), 10) тармақшалар мен 32-і тармағында көрсетілген мәселлер бойынша Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімі қауымдастық мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екі) дауысынан емес емес қолдау тапқан жағдайға қабылданады.

Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының өзге мәселелер туралы шешімі қарапайым қатысушылардың көпшілік дауысы арқылы қабылданады. Дауыс беру тәрітібі: 1 (бір) мүше – 1 (бір) дауыс.

38. Қауымдастық мүшелерінің кезекті жыл сайынғы жиналысы 1(бір) реттен жиі емес, қаржылық жыл аяқталғаннан төрт айдан кешіктірілмей шақырылады. Өзге Жалпы жиналыстар кезектен тыс болып табылады. 

39. Қауымдастық мүшелерінің кезектен тыс Жалпы отырысы қажет болған жағдайда Қауымдастық төрағасы немесе Қауымдастық Кеңесінің бастамасымен барлық мүшелерге құлақтандыру таратылған шақтан бастап бір ай мерізім ішінде шақырылады.

Қауымдастық мүшелерінің жалпы Жиналысын шақыру туралы Қауымдастық төрағасы немесе ол өкілеттік берген тұлғаның (Қауымдастық жұмысы немесе қауымдастық мүшесі) қолы қойылған жазбаша құлақтандыру мен аталған жазбаша хаттың оның сканирленген электронды нұсқасы қауымдастық мүшелерінің электронды пошталарына салынған күн - құлақтандыру жолданған күн болып есептеледі.   

40. Қауымдастық Төрағасы:

1) Қауымдастық кеңесі алдын ала құптаған соң Қауымдастықты дамыту стратегиясын бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда қауымдастық мүшелірінің Жалпы жиналысының ғана құзіретіне жатқызылмаған қауымдастық әрекетінің барлық бағыттары бойынша жалпы басшылық жасау;

3) Сырттай тәртіпте Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылдайды;

4) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы отырысына төрағалық етеді, қауымдастық мүшелірінің Жалпы отырысын жүргізіп, кейін хаттамасына қол қояды;

5) Қауымдастық жұмысшысы болмаса Қауымдастық мүшелерінің бірінің Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысына төрағалық етуіне құзырлы етіп, өкілеттік береді.

6) Қауымдастық мүшелеріне қкілеттік беріп, оны тоқтатады;

7) Қауымдастық Төрағасының орынбасарларын тағайындап, оларды қызметінен босатып, еңбек келісім-шартын жасасады;

8) атқару комитеті мүшелерін тағайындап, өкілетін тоқтатады;

9) Қауымдастықтың бас директорын тағайындап, қызметінен босатып, онымен еңбек келісім-шартын жасасады.

10) Қауымдастық басшылары арасында олардың міндеттері мен құзыреттерін бөліп, бекітеді;

11) Қауымдастық Төрағасының орынбасарлары, Атқару комитеті мен Бас директордың жұмысын үйлестіреді;

12) Қауымдастықтың консультативті-кеңес органдары болып табылатын үйлестіру кеңестері, сарапшылар кеңестері туралы ереже мен олардың құрамын бекітеді;

13) Қауымдастықтың лауазымды тұлғаларының тізімі, ұйымдық құрылымы, шаттатық кестесін бекітеді;

14) Кез келген үшінші тұлға, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, шет елдік және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қауымдастық мүддесін сенімхатсыз құнттайды. 

15) Қауымдастықтық лауазымды тұлғаларын қабылдап, қызметін ауысытырып, жұмыстан шығарады, оларды тәртіптік жауапкершілікке тартып, ынталандыру шараларын қолданады, қызметтік еңбекқыларының мөлшерін белгілеп, оған жеке үстемелер тағайындайды, олармен еңбек келісім-шартын жасасады;

16) үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Қауымдастық мүддесін құнттау үшін сенім хат, ол сенім хатты сеніп тапсыра алатындай етіп, бере алады;

17) Тек қана Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының ғана құзырына берілгенен басқа қауымдастық әрекеттерінің өзге мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдайды.

41. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы отырысына Қауымдастық төрағасы қатынаса алмаған жағдайда осы Жарғының 40 тармағы 5) тармақшасына сәйкес  төрағалық етушінің құзырын атқару құзыры бөгде тұлғаларға берілмеген жағдайда, төрағалық ету құзыры Бас директорға өтеді.

42. Қауымдастық Кеңесі:

1)      Қауымдастық әрекетінің басым бағыттарын белгілеп береді;

2)      Қауымдастықтың даму стратегиясын алдын ала құптайды;

3)      Қауымдастықтың жылдық жоспарын бектіп, оған өзгертулер енгізеді;

4)      Қауымдастық бюджетін қарап, бекітеді, сондай-ақ үйлестіру кеңестерінің бюджетін орындау мен басқару ісін қарап бекітеді;

5)      Қауымдастықтың жылдық қаржылық есебін алдын ала бекітеді;

6)      төмендегі мәселелер бойынша Қауымдастықтың ішкі құжаттарын бекітеді: Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау мен мүшелік жарналарды төлеу тәртібі; жылдық бюджетті жобалау,келісу мен бекіту мен бастап оны орындауға мониторинг жасау тәртібі; Қауымдастықтың консультативтік қызметті сатып алулар тәртібі; қауымдастық мүшесі жұмысшыларын қҚауымдастыққа іс-сапарға аттандыру тәртібі; конфидециалды ақпаратқа жататын мәліметтер тізімімен қоса қызметтік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету тәртібі;

7) Қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы ережені бекітеді;

8) Қауымдастық Төрағасы қарауына ұсынған мәселелер бойынша ұсыныстар береді;

9) Қауымдастық жұмысына қатысты ақыл-кеңес, ұсыныстар береді;

10) Қауымдастық Кеңесі туралы Ережесінде қарастырылған, ішкі құжаттар мен Қауымдастық мүшелернің Жалпы жиналысында бекітілген өзге де қызметтерді атқарады; 

43. Атқару комитетінің құзырына ағымдағы басшылық жасау мен Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы, Қауымдастық Төрағасы мен Қауымдастық кеңестерінің ғана құзырына жатқызылмаған міндеттерден бөлек өзге де мәселелер жатады. 

44. Атқару комитетінің қызметінің жекелеген мәселелері Қауымдастықтың Кеңесі бекітетін Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен анықталуы мүмкін.

45. Атқару комитеті:

1) Қауымдастықтың штаттық кестесін бекітеді;

2) Қауымдастық филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымын бекітеді;   

3) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы, Төраға мен Қауымдастық Кеңесі ғана бекітетін құжаттардан өзге Қауымдастықтың ішкі құжаттарын бекітеді;

4) Қабылдануы өз құзыретіне жатқызылған ішкі құжаттарды әзірлеп, бекіту үшін оны Қауымдастықтың құзырлы органдарына енгізеді;

5) Қауымдастықтың өкілдіктері мен филиалдарының жұмысын бағдарлап, үйлестіреді;

6) Қауымдастық әрекеті туралы ақпаратты мүшелерге уақытылы жеткізуді, соның ішінде Қауымдастық мүшелерінің мүддесіне қатысы бар мәліметтердің жеткізілуін қаматасыз етеді.

7) Қауымдастық бюджетінің жобасы мен жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, Қауымдастық Төрағасы келісімін берген соң Қауымдастық Кеңесіне бекітуге енгізеді;

8) жыл сайынғы қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы есеп пен жылдық қаржылай есепті алдын ала бекіту үшін қауымдастық Кеңсіне ұсынады;

9) Қауымдастықтық лауазымды тұлғалары тізімінің жобасын әзірлеп,бекіту үшін Қауымдастық Төрағасына ұсынады;

10) Қауымдастықтың лауазымды тұлғалалары болып есептемейтін қауымдастық жұмысшыларының қызметтік міндеттерін бекітеді;

11) банктерде есеп айырысу және өзге есеп шоттар ашу туралы шешім қабылдайды;

12) Қауымдастықтың иелігіндегі акциялар (жарғылық капиталындағы үлес еншісі),  акционерлердің жалпы жиналысының құзырына жататын (қатысушылар) заңды тұлғалар мәселесі бойынша шешім қабылдау;

13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауымдастық қатысушысы немесе мүшесі болып табылатын құрылтайшы, коммерциялық емес ұйымдарды басқарудың жоғары органы құзырына жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды; 

14) Қауымдастық мүшелігінде жоқ ұйымдармен әріптестік (серіктестік) туралы келісім шарт жасау жөнінде шешім қабылдайды;

15) конфиденциалды ақпарат, соның ішінде қауымдастық мүшелерінен алынған қызметтік, коммерциялық құпиялардың сақталуын қаматамсыз ету үшін шаралар қолданады;

16) Тек қана Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы, Қауымдастық Төрағасы мен Қауымдастық Кеңесі құзырына ғана жатқызылған мәселелерден бөлек қауымдастық әрекетін қамтамасыз етуге қажетті өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды; 

46. Атқару комитетінің әрекетіне Қауымдастық Төрағасы тағайындаған Бас директор жетекшілік етеді, әрі ол атқару комитеті жұымысының нәтижесі үшін қауымдастық алдында жауапты.

47. Бас директор:

1) Қауымдастық төрағасы берген сенім хат негізінде үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Қауымдастық атынан әрекет етеді, соның ішінде олармен келісім шарттарға қоюмен шектелмейді.

2) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы, Төраға, Қауымдастық Кеңесі мен  Атқару комитеті жүктеген тапсырмалдарды орындау ісін ұйымдастырады;

3) Қауымдастықтың лауазымды тұлғаларынан басқа қауымдастық қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, олардың қызметін ауысытырып жұмыстан шығарады, оларға жұмысқа ынталандыру шараларын қолданып, тәртіптік жауапкершілікке тартады, Қауымдастықтық штаттық кестесіне сәйкес оларлың қызметтік еңбекақыларының мөлшерін бектіп, жеке үстемелер белгілейді;

4) Қазақстан Республикасының заңдары мен Қауымдастық Төрағасы берген сенімхатта көрсетілген жағдайда үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Қауымдастық мүдделерін қорғау үшін сеніп тапсыру тәртібіне сай сенім хаттар береді;

5) құрылымдық бөлімшелер, қауымдастық жұмысшылары мен үйлестіру кеңестерінің қауымдастық бюджетінің жобасы мен жылдық жоспарын, жылдық қаржылық есепті даярлау жұмыстарын үйлестіреді;

6) Қауымдастық қаражаты шеңберінде оның әрекетін материалды-техникалық тұрғыдан қамсыздандырады.

7) Қауымдастық Төрағасымен келісе отырып, жарғылық әрекетін іске асыру үшін қосымша көздерден қаржылық, материалдық мүлік тартады;

8) Қауымдастық мүшелерінің кезекті және кезектен тыс Жалпы жиналысын, Қауымдастық Кеңесі отырыстарын ұйымдастырып, аталған отырыстардың хаттамаларын жүргізуді ұйымдастырады;

9) Қауымдастық Төрағасының тапсырмасы бойынша Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы отырысында, Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы бекіткен тәртіпке сай сыртай дауыс беруін ұйымдастырады;

10) Қауымдастық Төрағасының тапсырмасы бойынша Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында мәселелерді дауысқа шығарады;

11) мұнай-газ және энергетика саласы ұйымдары әрекетін қолдайтын салалық сараптамалық өолдауды қамтамасыз ету жұмыстарын бақылайды;

12) Қауымдастыққа мүше емес қауымдастық әріптестерімен өз-ара ісқимылды ұйымдастырып, Атқару комитетінің шешімі негізінде мүше еместермен келісім шарттар жасасады;

48. Бас директор өз құзырының белігілі бір бөлігін өзі өкілетті еткен Қауымдастықтың кез келген жұмысшысына беруге құқылы. 

49. Ревизиялық комиссия Қауымдастық бюджетін пайдаланудың дұрыстығы мен Қауымдастықтың Атқару комитетінің қарыжылық-шаруашылық әрекетінің іске асырылуын қадағалайды, мүшелік жарнаны төлеу мен пайдалануды тексереді; 

50. Ревизиялық комиссия Қауымдастық ақпараттары мен құжаттарына еш кедергісіз қол жеткізу құқына ие;

51. Ревизиялық комиссия Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы алдында жылына бір реттен жиі емес есеп беріп тұрады.

52. Қауымдастық мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдармен қауымдастық мүшесіне белгілі бер міндеттер жүктейтін меморандум, келісім, шарт жасасқанда болмаса өзге де осы тақылеттес құжаттарды бекіткенде шешім алдын ала қауымдастықтың сол мүшесімен келісілуі керек.  

9-тарау. Қауымдастық Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу тәртібі

53. Қауымдастықтың кез келген мүшесі, Қауымдастық Төрағасы, Қауымдастық Кеңесі, Атқару және Ревизиялық комиссия аталған Қауымдастық Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ісіне бастамашы бола алады.

54. Аталған Жарғының 53 тармағында көрсетілген тұлғалар Жарғыға  енгізуді өздері ұсынып отырған өзгертулер мен толықтырулардың қажеттілігін негізіндеп жазып, жобасын  Қауымдастық Төрағасына жолдайды, ол Қауымдастық мүшелерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақырады. 

55. Қауымдастық Төрағасы аталған Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін күн тәртібіне шығарады.

10-тарау. Есепке алу және есеп беру

56. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес Қауымдастық әрекетінің нәтижелерін есепке алып, бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізеді. 

57. Қауымдастықтың қаржылық жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келуі тиіс.

11-тарау. Қауымдастықты қайта құру және тарату тәртібі

58. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес Қауымдастық ұйым мүшелердің Жалпы жиналысының шешішімен ерікті түрде таратылып, болмаса қайта құрылуы, және соттың шешімімен таратылуы мүмкін.  Тарату комиссиясын құру мен оның жұмысының тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

59. Қауымдастық таратылған жағдайда оның мүлкі мен меншігін сатудан түскен қаражат оның мүшелерінің табысына айнала алмайды. Әрекеті тоқтатылған жағдайда несиелендірушілермен есеп айырысқан соң, Қауымдастық мүлкі аталған Жарғыда көрсетілген мақсаттарға бағытталады немесе осыған ұсқас әрекетпен айналысатын ұйымдарға беріледі.

60. Аталған Жарғы арқылы реттелмейтін барлық өзге мәселелерде Қауымдастық Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып әрекет етеді.