KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы
KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы

ТИМУР АСҚАРҰЛЫ ҚҰЛЫБАЕВ

1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).
1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі – «Экономист». Экономикалық ғылымдар кандидаты.
1999 жылы «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдық-экономикалық тетігін жетілдіру (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
Бірқатар ғылыми жарияланымдары мен өнертабыстары бар.

Еңбек жолы:
1988-1990 жж. – ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ).
1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі қордың Ғылыми-кеңестік орталығының директоры.
1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің басшысы.
1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі несиелік комитетінің мүшесі, бақылаушы кеңесінің төрағасы.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының басшысы (төраға орынбасарының құқығында)
1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті.
1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» Мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.
2001-2002 жж. – «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған).
2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компанияларының бірігуі арқылы құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті.
2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
2006-2007 жж. – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2011 ж. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2011-2014 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
2005 ж. қарашадан бастап қазіргі кезге дейін «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы төрағасы.
2013 ж. қыркүйектен бастап қазіргі кезге дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы.

Спорттық мекемелер:
2004 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «ҚР Ұлттық гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Федерация Кеңесінің құрметті мүшесі.
2009 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті.
2010-2015 жж – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы комитетінің мүшесі.
2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «Арыстан» (Талғар қ.) мамандандырылған лицейдің қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
2012-2018 жж – Халықаралық бокс ассоциациясы(AIBA) атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президенті.
2012-2016 жж бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қазақстандық конфедерациясының» төрағасы.
2014 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Ұлттық Олимпиада комитеттерінің қауымдастығына мүше.
2015 жылдан бастап қазіргі кезге дейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, ҚР ҰОК атқарушы комитетінің төрағасы.
2016 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі кезге дейін Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.
2016 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Су спорты түрлері федерациясының президенті.
2017 жылдың сәуірінен бастап – Халықаралық Олимпиадалық комитетінің бұқарамен байланыс және спорт арқылы даму комиссиясының мүшесі.
2018 жылдың қарашасынан бастап – Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығы атқарушы комитетінің мүшесі.

Халықаралық және шетелдік компаниялар:
2008 жылдын бастап қазіргі кезге дейін (World Petroleum Council) Бүкіләлемдік мұнай кеңесі қазақстандық ұлттық комитетінің төрағасы.
2010-2014 жж., 2018 ж. – қазіргі кезге дейін Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастықтың іскер кеңесі жөніндегі тең төрағасы.
2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «Газпром» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстандық компаниялар директорларының кеңестері:
2006-2007 жж., 2008-2011 жж. - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) Директорлар кеңесінің төрағасы.
2006-2007 жж., 2009-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2008-2012 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2009-2011 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2009-2011жж. – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының наградалары:

  1. «Құрмет» ордені (2001 ж.)
  2. Үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 ж.)
  3. Бірінші дәрежелі «Барыс» ордені (2014 ж.)
  4. «Қазақстан Конституциясына-10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)
  5. «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 ж.)
  6. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)
  7. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.)

Ресей Федерациясының наградалары:
  1. «Дружба» Ресей ордені (2007 ж.)
  2. Ресей мүфтилер кеңесінің «Әл-Фахр» ордені(2010 және 2016 жж.).
  3. II дәрежелі «Русской Православной Церкви Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (2010 ж.)
  4. «Құрметті теміржолшы» медалі (2011 ж.)

Қосымша ақпарат:
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Хоббиі – гольф, тау шаңғысы, футбол.
Үйленген(жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева 1967 ж.т.), үш бала – бір ұл, екі қыз (ұлы 1990 ж.т., қыздары 2004 және 2010 ж.т) тәрбиелеп отыр.