KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры
KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры

БОЛАТ ОРАЛҰЛЫ АҚШОЛАҚОВ

1971 жылы 9 сәуірде Қазақстан Республикасында Атырау қаласында дүниеге келді.


Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек қызметі 

  • 1993 жылы – «Аlem Bank Kazakhstan» филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, кейін бас экономисі болып тағайындалды;
  • 1995 жылы – Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры;
  • 1997 жылы – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ ТШО департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары;
  • 2001 жылы – Commonwealth and British Services Ltd. компаниясының бизнес-аналитигі, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры;
  • 2003 жылы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Бірлескен кәсіпорындарда үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
  • 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
  • 2008 жылы – «Самұрық-Қазына» ¥ӘҚ» АҚ мұнай-газ және энергетика активтері жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2010 жылы – «РSА» ЖШС бас директоры, Өнімді бөлу туралы келісімдер женіндегі өкілетті орган (Қарашығанақ жобасы, Солтүстік Каспий жобасы – Қашаған, Дұңға жобасы);
  • 2011 жылы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
  • 2012 жылы – ҚР Мұнай және газ вице-министрі;
  • 2014 жылдан бастап – «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры;
  • 2016 жылы –KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;
  • 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
  • 2019 жылғы 03 сәуірден бастап –KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені (2014 жылы), «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2013), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлы медалі (2008 год), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлы медалі (2011).

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. 


Үш бала тәрбиелейді.