Адами капиталды дамыту
Қауымдастықтың «Адами капиталды дамыту» бағытының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кадрлық әлеуеті, салалық біліктілік шеңбері, мұнай-газ және энергетика салаларында еңбекті нормалау мәселелерін қарқынды және тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қауымдастықтың адами капиталын дамыту саласына Қазақстан Республикасы экномикасының мұнай-газ және энергетика салаларында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бағытында әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарымен ынтымақтастық жасау, сондай-ақ мұнай-газ саласында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту саласындағы ұйымдастырушылық-аналитикалық қызметі кіреді.

Осы бағыт ҚР еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту және көші-қоны, шетелдік жұмыс күшін тартуды реттеу мәселелері бөлігінде мұнай-газ және энергетика салаларының кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуды көздейді.