top
top
Жаңалықтар

«Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің бірінші отырысы

30 қаңтарда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі Данияр АБУЛГАЗИННЫҢ төралығымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кезекті 24-отырысы өтті.

 Отырыстың күн тәртібіне Комитеттің 2017 жылғы хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі есеп, 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, сондай-ақ Комитет қызметінің барынша маңызды бағыттарын, атап айтқанда қолданыстағы заңнамаға ықпал етуі қажет, сол сияқты жаңа Экологиялық кодекстің және онымен байланысты басқа да құқықтық құжаттардың тұжырымдамаларын бірлесіп дайындау жөнінде ұсыныстар қалыптастыру сияқты экология саласындағы мәселелерді талқылау түріндегі бірінші кезектегі мәселелер кірді.

 KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет МАҒАУОВ Комитеттің өткен жылғы жұмысының қорытындысымен және 2018 жылға жұмыс жоспарымен қатысушыларды таныстырды. 2017 жылғы Комитеттің отырыстарында жер қойнауы саласындағы заңнама, салықтық реттеу, сатып алу және жергілікті күтіп ұстау, мұнай өнімдері нарығының жұмыс істеуі және т.б. жөніндегі мәселелер қаралды. 2017 жылы жұмыс жоспары табысты іске асырылды, өтпелі міндеттердің бірқатар бөлігі 2018 жылға арналған міндеттер тізбесіне енгізілді.

 Әсет МАҒАУОВ Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс мәселесіне және осы жылғы жұмыс жоспарына жеке тоқталып өтті. Өткен жылы KAZENERGY қауымдастығының алаңында жұмыс тобы инвестициялық климатты одан әрі жақсарту және экономикаға, атап айтқанда ҚР мұнай-газ саласына тікелей шетел инвестицияларының ағымын ынталандыру мақсатында ҚР экологиялық заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірледі. Осы мәселе бойынша НКОК бас менеджері Амангелді Максимов және КПО қоршаған ортаны қорғаудың корпоративті мәселелері бойынша бөлім бастығы Руслан Мұқанғалиев те сөз сөйледі.

 НКОК және КПО Комитеттің ұсынылған жұмыс жоспарын қолдап, бизнес пен мемлекеттің ұстанымын есепке ала отырып, экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар ұсынды. Кеңестің қорытындысы бойынша бірлескен шешімдер келісілді, ол тиісті хаттамада көрінісін тапты. Тараптар жұмысты жалғастыруға және жыл бойы өткізілетін «Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырыстарында қол жеткізілген нәтижелер туралы хабарлауға уағдаласты.

untitled.png untitled2.png untitled23.png untitled4.png untitled5.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.