KAZENERGY қауымдастығы өткен жылдың қорытындысын шығарды және 2018 жылға міндеттерін айқындады

KAZENERGY қауымдастығы өткен жылдың қорытындысын шығарды және 2018 жылға міндеттерін айқындады
Ағымдағы жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласында «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» ғимаратында «KAZENERGY» қауымдастығы кеңесінің 22-і отырысы өтті.


Қауымдастық төрағасы Тимур КУЛИБАЕВ отырысты аша отырып, басқа салалық қауымдастықтар үшін үлгі бола алатын KAZENERGY тиімді жұмысын атап өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұранымен өткен жыл да есте қаларлықтай болды. KAZENERGY ЭКСПО іскерлік бағдарламасын қалыптастыруда белсенді жұмыс атқарды және ең ірі халықаралық іс-шараларды: «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлік конференциясын, тұрақты даму үшін энегетика мәселелері бойынша сегізінші халықаралық форумды, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың ең жоғарғы бағасына ие болған «KAZENERGY» 11-форумын өткізді.

Жалпы, қатысушыларды Қауымдастық қызметімен бас директор Әсет Мағауов таныстырды. Ол өткен жылы KAZENERGY 9 негізгі бағыт бойынша жұмыс жасағанын атап өтті, олардың әрқайсысы бойынша белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл: салық салу және тарифтер, жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай-газының айналымы, электр энергиясы, экология, жергілікті мазмұн дамуы, техникалық реттеу, адами капиталдың дамуы, халықаралық қызмет және аналитика салалары.

2017 жылғы желтоқсанда қабылданған жаңа Салық кодексі геобарлау және көмірқышқыл шикізат өнімі саласындағы инвестициялардың өсуі үшін қосымша шарттарын жасады. Бұл келесі ынталандыру шараларын: өндіру кезеңіндегі есептеулерге геологиялық барлау шығыстарын жатқызу, тарихи шығындар орнына жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салықты қолдану құқығын енгізу, ренттік салық, ПҚӨС және ҮПС, коммерциялық анықтау бонусын алып тастау, нақты өткізу бағаларынан шыға отырып, мұнай мен шикізат газды экспорттауға өткізуден табыс алу; нақты шығындар бойынша оқытуға шығыстарды есептеуге жатқызу сияқты шараларды енгізу арқасында мүмкін болды.

Жалпы, жаңа Салық Кодексін жасауда заң шығарушылар Қауымдастық ұсынған 90%-дан астам негізгі түзетулерді қолдады, бұл заңнама бастамаларын қайта пысықтаудың жоғары деңгейі жөнінде куәландыратынын атап өтті Мағауов.

Тағы да геологиялық барлау саласындағы жағдайды жақсартуға, келісімшарттарға қолжетімділікті жеңілдету, сондай-ақ қорларды есепке алудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған маңызды құқықтық құжаттың бірі 2017 жылдың соңында қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс болды. Ұсынылатын құқықтық нормаларды пысықтау процесінде Энергетика министрлігі жұмыс тобының 120 күндізгі отырысы өтті, онда KAZENERGY белсенді түрде қатысқан болатын. Қорытындысы ретінде, 300-ден астам енгізілген түзетулерден 60%-дан астамы қолдау тапты.

2017 жылы мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай-газына бағаны қайта жасау мәселелері өзекті болды. Энергетика министрлігінің, ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті төрағасының және ҚР ҰКП салалық блогы басшылығының қолдауы бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді, оның нәтижесінде мұнай базалары үшін бақылау есеп құралдарын (БЕҚ) енгізу бойынша талаптар алынып тасталды және АЖС үшін мерзім кейінге қалдырылды.

2017 жылы электр энергетикасы саласында Энергетика министрлігінің бастауымен және Қауымдастықтың белсенді қатысуымен мына мәселелер бойынша: БПК ірілендіру; теңгерімге электр желілерін қабылдау кезінде электр желілік компаниялардың табысын арттыру; аукциондық саудалар механизмін енгізу, сондай-қ ЭБЖ иемденген жер учаскелеріне құжаттарды ресімдеуді жеңілдету есебінен ЖЭК жаңа объектілерінен электр энергиясының бағасын төмендету жөнінде жұмыс жүргізілді.

KAZENERGY «Экология» бағытына ерекше назар аударуда. Өткен жылы Қауымдастық табиғат пайдаланушыларда квоталарды бөлудің тарихи әдісі мен бенчмаркинг әдісі арасынан таңдау құқығы сақталуына қол жеткізді.

2017 жылы техникалық реттеу мәселелерінде «Стандарттау туралы» жаңа Заңның жұмысына көп күш салынған болатын. Негізгі оң нәтиже – бұл ұлттық стандарттар рөлінің айтарлықтай өсуі және жергілікті өндірушілердің мүдделерін қорғауды арттыру болды деп санайды Мағауов. Мәселен, «Өлшемдердің бірізділігін қамтамасыз ету туралы» Заңға маңызды түзетулер енгізілді, KAZENERGY бағасы бойынша, олардың есебінен жыл сайын шамамен 500 млн. доллар мөлшерінде нақты экономияға қол жеткізілетін болады (Солтүстік-Каспий жобасының мысалы)*.

Жұмыс істеудегі Ғылыми-техникалық кеңес шеңберінде 2013 жылдан бастап, 20 отырыс өткізілді, 108 мәселе қарауға шығарылды, атап айтқанда: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың және әзірлемелердің (ҒЗТКЖ) тиімді бағыттары; қолданылатын технологиялардың тиімділігін арттыру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету; қазақстандық инновациялық әзірлемелерді қолдау.

Қауымдастықтың «Адами капиталды дамыту» бағыты бойынша жұмысы әлеуметтік және еңбек қатынастарын тиісті реттеудің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Өткен жылдың негізгі нәтижелерінің арасында Мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия салалары біліктілігінің салалық шеңберін бекітуді; Салалық келісімге саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлеме бөлігінде еңбек ақысын төлеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді және т.б. атап өтуге болады.

KAZENERGY дәстүрлі білім беру бағдарламалары 2017 жылы да жалғасын тапты: 1 млн. астам доллар сомасына 563 ҚР азаматының оқуы төленді (КPO, NCOC қаражатын есебінен); ҚР ЖОО мен колледждерінің 26 студентіне Шеврон стипендиясы бөлінді (6,5 млн. теңге); «KAZENERGY» Форумы алаңында «Student Energy Challenge» атты зияткерлік командалық байқау өткізілді және байқаудың үш жеңімпаз командасына 18 мың евро сыйлық қоры төленді (Шелл-Қазақстан).

Қауымдастықтың халықаралық қызметінің негізгі қорытындысы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында өткізген үш ірі іс-шара болды, бұл: БҰҰ бастауымен өткен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» атты министрлік конференциясы, Тұрақты даму үшін энергетика мәселелері бойынша сегінші халықаралық форум, сондай-ақ «KAZENERGY» 11-форумы. Министрлік конференция және Сегізінші форумға қатысушылар кең түрде қатысты (әлемнің 90 елінің 2900 астам қатысушысы, 350-ден астам халықаралық және жергілікті БАҚ, 20 министр, халықаралық ұйымның 17 басшысы).

ЭКСПО іскерлік бағдарламасының қорытынды іс-шарасына айналған Казэнерджи 11-форумы да сәтті өтті. Форумға әлемнің 40 елінен келген 2200 астам қатысушысы қатысты, оқиғаларды 300-ден астам халықаралық және жергілікті БАҚ жария етті.

Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, сондай-ақ Қауымдастықтың 2017 ұлттық энергетикалық баяндама және «Тәуелсіз Қазақстанның мұнай-газ cаласы» екі томдық иллюстрациялық басылым атты аналитикалық материалдары жарық көрді.

Қорытынды ретінде KAZENERGY бас директоры өткен жыл өте тиімді болғанын атап өтті. Ірі жобалар аяқталды, алайда алда әлі де көп жоспарлар бар. Әсет Мағауов Жер қойнауы туралы жаңа кодекске пікір дайындауды, ЖЖМ нарығы жөніндегі заңнамаға өгерістер енгізуді (нарықтық механизмдерді енгізу), экологиялық заңнама мәселелері бойынша жұмысты, «Мұнай-газ саласындағы әйел қоғамы» атты шолуды, 2017 жылғы ЖБҚ бойынша есепті және 2018 жылғы WPC кеңесінің отырысын өткізуді ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Қауымдастық кеңесінің отырысы барысында басқарушы директор – ҚЭТД департаментінің директоры Нұрлан ЖАНЕНКОВТЫҢ «KAZENERGY қауымдастығының 2018 жылға арналған бюджетін бекіту туралы» есебі де тыңдалды және оны қатысушылар бір ауыздан қабыл етті.

Қауымдастық кеңесінің отырысы «Қазақстан-Британ технологиялық университетінің» қабырғасында өткенін айтып кетпеуге болмайды. ҚБТУ ректоры Кенжебек ИБРАШЕВ өз сөйлеуінде компанияның ЖОО қолдаудағы маңызды рөлін және студенттері мұнай-газ кәсіпорындарының әлеуетті қызметкерлері болып табылатынын айтып кетті. Оқытушылық-студенттік құрам мен жұмыс беруші компаниялар бір-бірімен оқу дайындығы мен рекрутинг саласында табысты түрде қарым-қатынас орнатуы үшін Ибрашев «Қазақстан-Британ техникалық университетінің консультативті кеңесін» құруды ұсынды. «Осы құрылымдарды құру Президент Н.Ә. Назарбаев жолдауының «ҚБТУ» АҚ-ның ҚР экономикасының барлық салаларының жетекші компанияларымен орныққан көпжылдық ынтымақтастығы сияқты индустрия мен білімнің арасында байланыс орнату туралы бірқатар ережелерін айқындайды. Осы құрылымдарды институтцияландыру жолымен «ҚБТУ» АҚ жұмыс берушілердің Университеттің стратегиялық дамуына сияқты, оқытылған мамандардың сапа-білімін Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын оқу және ғылыми-зерттеу даму жоспарларына енгізу жолымен жақсартуына да ықпалын арттыруды жоспарлауда», - деп, атап өтті ректор. Бұл бастаманы Қауымдастық кеңесінің барлық мүшелері қолдады.

*Ескертпе:

Ірі өндірістік объектілерде (кен орындарында) 30 000 астам өлшем құралдары бар, оларға түрін немесе метрологиялық аттестатталуын (жеке-дара бұйымдар) бекіту туралы сертификаттар, сондай-ақ өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттар болуы талап етіледі. Қолданыстағы талаптарға сәйкес жыл сайын өлшем құралдарының көбіне тексеруді жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты міндетті түрде жабдықты (құбырларды, түтіктерді және т.б.) жұмыс ортасынан босата отырып, өлшем құралдарының, өндіріс остандарының демонтажын жүргізу талап етіледі, бұл, өз кезегінде, өндірістік жабдықтың сенімділігі мен тұтастылығының төмендеуіне байланысты қызмет етуші персоналдың және қоршаған ортаның қауіпсіздігі бойынша қауіп-қатерлерді арттырады, сондай-ақ өнім (өндіріс) көлемінің төмендеуіне алып келеді.

Компаниялардың жыл сайынғы шығыстары (шамамен алғандағы сома):

- ӨҚ тексеруге 2 млн $;

- тексерумен байланысты дайындық жұмыстарына (құрылыс сатыларын монтаждау, жабдықтарды жұмыс орталарынан босату және т.б.) 5 млн $ құрайды.

- 30 күнге өндірістің тоқтатылуы нәтижесінде өнім шығыны.

«Өлшем бірізділігін қамтамасыз ету туралы» Заңға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу нәтижесінде салалық мемлекеттік органдар бақылайтын өлшем құралдары ғана (өнімді (мұнай, мұнай өнімдері және т.б.) есепке алу ӨҚ, шығарындыларды өлшеу кезінде қолданылатын ӨҚ және т.б.) тексерілуге жататын болады. Тексеру қажеттілігі туралы талаптар ҚР нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін болады.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Press @kazenergy.com
Комментарий