«Кәсіпқой-мамандармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасу құпиялары» шеберлік класы туралы

«Кәсіпқой-мамандармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасу құпиялары» шеберлік класы туралы
2018 жылғы 23 ақпанда Астанада «Student Energy Challenge» зияткерлік байқауының жеңімпаз командасы үшін, сондай-ақ Астана қаласының барлық мүдделі студенттері мен магистранттары үшін «Кәсіпқой-мамандармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасу құпиялары» шеберлік класы өткізілді.

67d88463-a471-4c46-b1b3-2d51473b0081.jpg

332a87a8-a957-4724-a7ab-920612e9e881.jpg

Іс-шара ұйымдастырушылары «KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы болды.

Шеберлік класының қатысушыларына беташар сөзімен Назарбаев университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті К.Н.Даирова сөз сөйлеуін бастады, түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс берушілердің студенттерді жұмысқа қабылдау кезіндегі пікірлерінің маңыздылығын және олар сол кезде нені ескеретінін атап өтті.

Шақырылған спикерлер ретінде «Аirswift» рекрутингтік компаниясының өкілдері «Аirswift» ТМД елдері бойынша басқарушы директоры (Мәскеу қаласы) Л.Катунина және «Аirswift» басқарушы менеджері М.Барышева сөз сөйледі. Сессия модераторы «Шелл Қазақстан» еңбек ресурстары жөніндегі менеджер А.Қазбаева болды.

Іс-шара шеңберінде тыңдаушылар кәсіпқойлардан сұхбатқа қалай дайындалу қажет сияқты жұмысқа орналасу мәселелері бойынша практикалық кеңестер алды, түйіндеме құрылымын және сұхбаттасуда өзін көрсету стилін егжей-тегжейлі қарастырды. Мысалдар мен нақты жағдайларды көрсету мақсатында «Сұхбаттасу – үміткермен сұхбат жүргізу» атты рөлді ойын жүргізілді.

Жұмысқа орналасу кезінде маңызды құзыреттіліктің ішінде спикерлер ұқыпты өндіріске деген бейімділікті, сыни ойлауды, мультитәртіптілікті және жұмысқа орналасудың қазіргі заманғы нарығында талап етілетін басқалардан кем емес маңызды сапаларды атап көрсетті. Сонымен бірге шеберлік класы барысында түйіндемені дайындауға ерекше көңіл бөлінді, оны спикерлер белгілі бір лауазымға үміткердің визиттік карточкасы ретінде белгіледі. Сарапшылардың тезистеріне сәйкес: 6 секунд – бұл уақыт ішінде рекрутерлер түйіндемені қарап, үміткерге қатысты шешім қабылдайды. Осыған байланысты студенттерге өз құжатын нақты құрылымдау және сауаттылығына ерекше назар аудару: жұмыс тәжірибесі және білімі туралы бағаннан басқа түйіндемеде жұмыс іздеуші үміт еткен қызмет саласындағы жеке жетістіктері туралы ақпарат болу қажеттілігі ұсынылды.

Іс-шара барысында залдан сұрақтар белсенді түсіп жатты, олардың арасында еңбекақы туралы мәселе жиі қозғалды. Оған жауап бере отырып, сарапшылар еңбекақының қолайлы сомасын белгілеуге дайын болуды атап өтті, бұл үшін қатысушыларға үміткер құжаттар тапсыратын ұстаным бойынша нарықты зерделеу ұсынылды.

Сонымен қатар білімі туралы дипломның орташа балы туралы мәселе қаралды, ол үміткердің жұмыс тәжірибесі болмаған кезде маңызды.

Мансап және университеттегі кәсіби бағдар орталығының директоры Е.Ким осы іс-шараның пішімін атап өтті, себебі онда еңбек нарығында талап етілетін үдерістер мен құзыреттіліктер көрсетілген. Сонымен бірге қатысушылар қойған сұрақтар жас жігіттер мен қыздардың сұхбатқа сапалы дайындалуға қызығушылығын дәлелдеді.

Жалпы, «Кәсіпқой-мамандармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасу құпиялары» шеберлік класы белсенді диалог атмосферасында өтті. «Student Energy Challenge» байқауының жаһандық энергетикалық мәселелер шешімін іздеудегі тиімділігін атап көрсетті.

Аяқталуы бойынша барлық қатысушыларға шеберлік класының жұмысына белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Комментарий