KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесте мұнай-газ және энергетика салаларына арналған озық цифрлық шешімдерді ұсынды

KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесте мұнай-газ және энергетика салаларына арналған озық цифрлық шешімдерді ұсынды
Ағымдағы жылғы 2 наурызда KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЫҢ төрағалығымен «Мұнай-газ және энергетика салаларына арналған цифрлық шешімдер» тақырыбында Ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті.

IMG_8985_.jpg

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында еліміздің өнеркәсібін цифрландырудың айтарлықтай сын-тегеуріндерін және міндеттерін іске асыру жөніндегі басымдықтарын атап көрсетті.

ҚР Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Алан Аралбаев қатысушыларды еліміздің ОЭК цифрландырудың ағымдағы мәртебесімен таныстырды. Мәселен, Министрлік жетекшілік ететін салаларда (электр энергетикасы, мұнай-газ, көмір және атом өнеркәсібі) 47 ірі кәсіпорында 4.0. индустрия элементін енгізуге сауалнама жүргізді. Нәтижесі бойынша индустриядағы компаниялардың көбі 2.0., ірі компаниялар индустрияда 3.0. және компаниялардың бірнешеуінде ғана индустрияда 4.0. элементі бар.

Зияткерлік кен орындарының жұмысы туралы «ЭмбаМұнайГаз» АҚ компаниясының өкілі Әлихан Байдусенов әңгіме етті. 2015 жылы «ЭМГ» АҚ Уаз кен орнында зияткерлік кен орындарының тұжырымдамасын іске асырды, нәтижесінде кен орын әзірлеудің цифрлық режимінде жұмыс істейді. Техникалық шешімді «ЭМГ» АҚ-мен мамандар және сарапшылар әзірледі және қазақстандық мамандар оны іске асырды.

Осындай жұмыс басқа да кен орындарда жүргізілетін болады, жоспарлар мен іс-шаралар талқыланды.

Өз кезегінде, КБТУ, барлық қажетті ресурстары бола отырып, тексерілген коммерциялық шешімдерді ұсынады, оларды енгізу «»Индустрия 4.0» және «Өндіру 4.0» бағдарламалары бойынша қойылған міндеттерді іске асыру жөніндгі мұнай-газ компанияларының табысты қызметіне тікелей ықпал етуі мүмкін. Университеттің әзірлемесі Диспетчерлік және Ахуал орталықтаның тиімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, оларды құруға, онлайн режимінде шешімдер қабалдау үшін өзекті және нақты ақпарат ұсынуға жұмсалатын шығынды ақтауға мүмкіндік беретіндігі белгілі болды. Мәселен, 2016 жылы ноу-хау әзірлемелері табысты апробацияланды және «Қазмұнайгаз - Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-ға енгізілді, онда негізгі зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру, логистикалау, сақтау және өткізу объектілері бойынша деректердің ықпалдастыру, өңдеу және көзбен шолу іске асырылды. Жоба мақсаты зауытта өнімділікті ұлғайту, өз құнын төмендету, энергия тиімділігін және өндіріс экологиялылығын арттыру болып табылады.

Бұдан басқа цифрлық трансформациялау туралы General Electric компаниясының қызметкері Болат Әбішев айтты. Ол GE цифрлық трансформациялау үшін шешімдер пакетін, тиімділікті бағалауды, бизнес әсерлерді модельдеуді, компанияны ішінен цифрландыруды (ұйымдық құрылымы мен қызметкерлер) және жобаның жол картасын ұсынды. GE серіктестері мен тапсырыс берушілері ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қосымшаларды әзірлейді (Predix платформасында). Баяндаушының сөзі бойынша, Predix платформасы өткен қызметі және болашақ нәтижелер туралы деректер алу үшін машиналарды қауіпсіз қосудан және нақты уақыт режимінде деректер жинаудан, қашықтықтан қол жеткізуді талдаудан бастап «цифрлық қос егіздерді» құруға дейін бизнесті дамытуға көмектеседі.

«Huawei» компаниясының өкілі мұнай-газ секторы үшін АКТ шешімдерінің шолуымен сөз сөйледі. Ахмет Түсіповтың айтуы бойынша, Huawei технологияларын пайдалану өндірісті 5-10%-ға арттыруды, мұнай беру қабаттарын 3-7%-ға жақсартуды, ОРЕХ 15-20%-ға төмендетуді, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік бойынша оқиғаларды 50-80%-ға қамтамасыз етеді. Компания 20 ірі мұнай-газ компаниясының 60%-на және дүниежүзінің 45 елінде 38,000 шақырым мұнай және газ құбырларына қызмет етеді.

«Алстронтелеком» ЖШС директорының орынбасары Вячеслав Баушин ҒТК қатысушыларына «Жұлдыз» бағдарламалық кешені туралы айтты, ол Қазақстанның мұнай және газ институтының шетелдің қымбат тұратын өнімдерін алмастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылымды алуға туындаған қажеттілігіне байланысты әзірленген болатын. Компанияның бағдарламалық шешімдері мұнай пайдаланушыларының ескертулерін ескере отырып әзірленген және 100% қарапайым және 90% күрделі кен орындарының міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, бұл өндірістік бөлімшелер үшін жеткілікті және өнім өндіруші компаниялардың барлық қажетті қажеттіліктерін жабады.

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов отырысты қорытындылай келе, цифрлық трансформациялау көшбасшылары қазіргі уақыттың өзінде өз бәсекелестеріне қарағанда орташа есеппен 26%-ға рентабельді екенін атап көрсетті. цифрлық шешімдерден экономикалық тиімділік 4-12 трлн. долларды құрайды және олардың 70% астамы В2В (business-to-business) шешімдеріне келеді. Статистика бойынша, 87% қаржы директорлары өсім деректердің барынша жылдам талдауын талап етеді және компаниялардың 12% ғана ақпараттық шығарылымдарға нақты уақытта ден қоюға қабілетті. Осы бағыт бойынша отырыс алғаш рет өткізіліп отыр, сондықтан мұнай-газ және энергетика салалары үшін цифрлық шешімдерді дамыту туралы ұсыныстар күтілуде.

Жалпы, мұнай-газ және энергетика секторы үшін цифрлық шешімдерді талқылау отырыстың барлық қатысушыларының қызығушылығын танытты. Аяқталуы бойынша ҒТК төрағасы осы жобалар мен мәселелер бүгінгі күні өзекті екендігін және алдағы уақыттағы дамуда үлкен перспективасының бар екенін атап өтті. Мұнай-газ секторында осындай жобаларды іске асыру бизнес-процестерді автоматтандырудың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және өндірістегі операциялық шығындарды төмендетеді.

IMG_9046_.jpg

IMG_9073_.jpg
Комментарий