ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбына Hard Talk

ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбына Hard Talk

2018 жылғы 26-27 сәуірде  Астана қаласының THE RITZ CARLTON қонақүй конференц-залында «ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбына Hard Talk өтетін болады, оның ұймдастырушылары БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясымен, Еуропалық Одақпен, USAID және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болып табылады.

2018 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде жұмыс істейтін түрлендіруші объектілерінің құрылысы бойынша жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық саудалар өткізілетіндігі мәлім. Іріктеуге жоспарланған қуаттылықтың жиынтық көлемі 2018 жылы 1000 МВт құрайды.

Осыған байланысты осы іс-шараның басты міндеті жеке сектор инвестициясын бұғаттайтын негізгі тосқауылдарды анықтау және аукциондардың жаңа жүйесінде ЖЭК қолдаудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру жолымен Қазақстанда ЖЭК саласындағы әлеуетті іске асыру әдістері туралы ағымдағы ұлттық диалогқа жәрдемдесу болып табылады.

Осы іс-шараның арқасында қатысушылардың пікірлерін ашық түрде алмасу және ЖЭК секторына инвестициялауға кедергі болатын негізгі проблемаларды айқында, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын ұсыну мүмкіндігі болады.

Сізді осы семинарға қатысуға шақырамыз және қызығушылық танытқан жағдайда, өз кандидатураңызды 20 сәуірге дейін b.tazhmakina@energo.gov.kz мекенжайы немесе + 7 7172 740944 телефоны бойынша Тажмакина Балтуғанға жіберуіңізді сұраймыз.

Семинарға қатысу үшін төлем талап етілмейді және тіркелуді растау қажет.

логотипы.jpg
Комментарий