top
top
Жаңалықтар

2018 жылғы 2-3 қазанда «Ұрпақ энергиясы (білім беру, жұмыспен қамту, сенім және алуан түрлілік)» KAZENERGY Жастар конференциясы өтеді (Дүниежүзілік мұнай кеңесі отырысының шеңберінде)

Қазіргі уақытта отандық, ресейлік және дүниежүзілік қоғамда ұрпақ туралы диалогтар пайда бола бастады. Адамдар бір уақытта туылды деген идея қандай да бір әлеуметтік қоғамды құрайды және алдындағы және кейінгі ұрпақтан ерекшеленетін ұқсас белгілері болады. Қоғамда болып жатқанға жаңартуларға ғылыми негіздемені неміс әлеуметтанушысы Карл Мангейм өзінің «Ұрпақ мәселесі» (1928 ж.) атты жұмысында атап көрсетті. оның теориясына сәйкес ұрпақтың орташа хронологиялық шеңбері 15-20 жылды құрайды және бір ұрпаққа жатқызылады. Бұл теория 1990 жылдың басында американдық зерттеушілер Уильям Штраус пен Нейл Хоувтың «Ұрпақ» және «Төртінші бетбұрыс» атты жұмыстарында орын тапты, мұнда авторлар АҚШ тарихында қайталанатын мінез-құлқы модельдерінің теориясын дамытты. Міне, дәл оларға ғана «The Greatest Generation» атты таралған терминологияға міндеттіміз, яғни Екінші дүниежүзілік соғыс жеңімпаздарының ұрпағы, олардың балалары, беби-бумер ұрпағы, Х, миллениум ұрпағы (Y ұрпағы) және «Homelanders» (Z ұрпағы).

Ұрпақ – бұл жас санаты емес, ол құндылық санаты. Құндылықтар бізді жеке тұлға ретінде қалыптастырады, әрқайсымызда олар өзіміздікі – гендерлік, жас, кәсіптік және ұрпақтық.

Осы конференция тақырыбы әртүрлі ұрпақ өкілдерінің: белгілі бір жас кезеңінде туылған адамдардың портреттерін ашуға, олардың оқи алатындығын, VUCA әлемінде жұмыс жасай алатындығын, білім мен сенім экономикасын танып білуге; ұрпақ құндылықтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, теориясын түсініп қабылдауды талқылауға; ұрпақ құндылығын: олардың мотивациясын, мақсат қою және дамуын талқылауға мүмкіндік беретін құралға айналады. Конференция 150-ге дейін қатысушыны: студенттерді, жас мамандарды, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің мүшелерін, студенттік командаларды - «Student Energy Challenge» байқауының финалистерін, халықаралық және отандық сарапшыларды, ірі өндіруші және сервистік компаниялардың, оқу орындардың, ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіруді жоспарлайды.

Конференция аудиторияда сана-сезімінің икемділігі мен ашықтығын, ауқымды өзгерістерге дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. қатысушылар жоғары бейінді сарапшылар мен мамандармен тілдесу барысында тәжірибе және шабыт алады.

Іс-шара:
  • «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп («Student Energy Challenge» зияткерлік байқауы);
  • «Sherpa S Pro» компаниясының қатысуымен (сlosed session «XYZ» (мұнай-газ компанияларының HR, PR, GR-мамандары үшін);
  • халықаралық және отандық сарапшылардың, сондай-ақ «Young Researchers Alliance» әріптестерінің қатысуымен (дискуссиялық панель: «Білім беру, жұмыспен қамту, сенім мен алуан түрлілік призмасы арқылы ұрпақ энергиясы») өткізілетін дәстүрлі және тақырыптық сессияларды бір алаңда біріктіреді.

Қатысушыларды не күтеді:
  • «Student Energy Challenge» зияткерлік байқауының соңғы кезеңі (2 қазан).
  • «Student Energy Challenge» байқау жұмыстарының көрмесі (2-3 қазан).
  • closed session «XYZ» (мұнай-газ компанияларының HR, PR, GR-мамандары үшін 3 қазан).
  • халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен, дискуссиялық панель: «Білім беру, жұмыспен қамту, сенім мен алуан түрлілік призмасы арқылы ұрпақ энергиясы» (3 қазан).
  • «Ойлаудың жаңа технологиялары» атты NXplorers тренингі («Student Energy Challenge» байқауының қатысушылары үшін, 4-5 қазан).

Сонымен қатар Конференция қатысушыларына special session «New Energy Investment Opportunities In Kazakhstan» қатысуға ұсыныс жасалады (Дүниежүзілік мұнай кеңесі отырысының бағдарламасы шеңберінде, 2 қазан).
Конференцияның жұмысымен қатар Student Energy Challenge» байқау жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады, мұнда техникалық оқу орындарының қатарынан студенттердің жетістіктері мен инновациялық әзірлемелері ұсынылады.

«Student Energy Challenge» байқау жұмыстарының көрмесі – бұл байқау командалары үшін делегаттарды таныстыру/ энергетика міндеттерін шешуді қамтамасыз ете алатын немесе барынша таза болашақ энергиясы үшін көптеген шешім табудағы жаһандық қажеттілікті қанағаттандыра алатын жобалармен/өнімдермен немесе көрсетілетін қызметтермен таныстырудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.

«Student Energy Challenge» байқауы қазақстандық техникалық ЖОО студенттері алдында жаһандық энергетика міндеттері туралы барынша терең түсінікті ынталандыру; инженерлік ойды, шығармашылық және кәсіпкерлік ойлауды қолдануға қолдау көрсету; студенттер арасында тәжірибе алмасу мен білімімен алмасу міндетін қояды.

KAZENERGY халықаралық конференциясы Дүнижүзілік мұнай кеңесі отырысының шеңберінде мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қаласы, Hilton Astana Hotel (Сауран 46 көш.).

Іс-шараға wpc-astana.kz сайтында «Тіркелу» бөлімінде тіркелуге болады. Онлайн-тіркеу нысанын толтырғаннан кейін сіздің мекенжайыңызға қатысуға өтінім алынғандығы туралы жауап келеді және ұрпақ теориясы тақырыбына сауалнама келеді.

Байланыс телефоны: KAZENERGY жастар конференциясының үйлестірушісі, Д. Жұмаділова, danara@kazenergy.com, Тел.: +7 7172 790174

Ұрпақ тақырыбына сауалнама:
  • Сіздің ойыңызша, ұрпақ деген не?
  • Ұрпақ арасында қандай айырмашылық?
  • Өзіңізді қай ұрпаққа жатқызасыз?
  • Сіз ұрпақ арасында қандай айырмашылықтарды көресіз?
  • Сізге оқуда, жұмыста, жобада, командада қандай ұрпақпен ынтымақтасуға жеңіл?

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.