top
top
Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы 1-3 қазан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) отырысы өтеді.

Бүгінгі күні Еуропа және Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері ұсынған 28 ел делегаттары өз қатысуын растады. Қатысушылар арасында
– салалық мемлекеттік органдар басшылары, трансұлттық компаниялар басшылары, мұнай-газ саласының жетекші дүниежүзілік сарапшылары.

Мүше мемлекеттердің ұлттық комитеттерінің өкілдері ұйым жұмысын, мұнай-газ нарығын дамыту тенденциялары, инновациялық технологиялар, дүниежүзілік энергетика ресурстар пайдалану туралы мәселелерді талқылайды.

ДМК бағдарламасы ДМК кеңесінің отырысын өткізуді жоспарлауда, ол мүше мемлекеттердің бірінде жыл сайын өткізіледі және барлық делегаттардың қатысуымен өтетін ұйымның қорытынды іс-шарасы болып табылады. Бұдан басқа Атқарушы және Бағдарламалық комитеттер отырыстары, гендерлік саясатты дамыту мәселелері бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен бірлескен сессия және Жастар комитетінің арнайы іс-шаралары өткізіледі.

2 қазанда ҚР Энергетика министрінің, АХҚО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және басқа да мемлекеттік органдар мен ҚР компаниялар басшыларының қатысуымен «Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақту өсу үшін жаңа шешімдер» тақырыбында конференция өткізіледі.

Конференция барысында ұлттық комитеттер өкілдері Қазақстан Республикасында мұнай-газ және энергетика салаларын дамытудың соңғы тенденцияларымен таныса алады.
Іс-шаралар туралы барынша толық ақпаратты www.wpc-astana.kz сайтынан ала аласыз.


po.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.