top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY Әйелдер энергетика клубының көшпелі өңірлік отырысы

Ағымдағы жылғы 20 наурызда «Ембімұнайгаз» АҚ алаңында KAZENERGY Әйелдер энергетика клубының көшпелі өңірлік отырысы (бұдан әрі - ӘЭК) өтті.

Отырыстың ашылуында құттықтау сөздерімен «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы А.Е. Жақсыбеков, Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Ажгалиева, Kazmortransflot UK ltd қаржы директоры, ӘЭК төрағасы А.У. Аккайсиева сөз сөйледі.

Көшпелі отырыс шеңберінде пленарлық сессия өтті, оның модераторы «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Н. Тасмағамбетова болды.

Пленарлық сессия спикерлері ретінде KAZENERGY қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина, «Халық банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ж.С. Сатубалдина, «Теңізшевройл» ЖШС Әйелдер қоғамдастығының қызметкерлерді дамыту жөніндегі үйлестірушісі және жетекші қаржы аналитигі А. Сүйіншібекқызы, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы А.А. Жайлашева, POD NCOC N.V. бөлімінің материалдық қамтамасыз ету жөніндегі кеңесшісі З.Сүлейменова, сондай-ақ «Қазақстанның іскерлік әйелдерінің Атырау облысы бойынша қауымдастығы» ҚБ төрағасы Н.Т. Айтиева қатысты.

Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты мұнай-газ компанияларында гендерлік дамыту тәжірибесімен алмасу болып табылады. Пленарлық сессия жұмысында Р.Н. Тасмағамбетова Ембімұнайқыздың «Мұнайшы қыз» әйелдер қоғамдастығы жұмысының мақсаттарын, міндеттері мен жоспарларын жария етті. Өз сөз сөйлеуінде Л.Ж. Ахмурзина дүниежүзілік және қазақстандық гендерлік статистикамен, ӘЭК қызметімен бөлісті және 2019 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы сөз етті. «Халық банк» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC N.V. және Қазақстанның іскерлік әйелдерінің Атырау облысы бойынша қауымдастығының өкілдері де компанияларда құрылған әйелдер қоғамдастықтарының рөлі мен қосқан үлестері туралы презентацияларымен сөз сөйледі.
Сонымен қатар көшпелі отырыс шеңберінде мұнай-газ саласының әйелдер қауымына KAZENERGY қауымдастығының және «Ембімұнайгаз» АҚ атынан наградалар тапсырылды.

Жоғарыда көрсетілген отырыспен қатар ӘЭК Атқарушы комитетінің отырысы өтті, оның шеңберінде 2019 ж. жұмыс жоспары: БРДБ-мен бірлесіп «ҚР энергетикасындағы әйелдер рөлі» ақпараттық-аналитикалық шолуды әзірлеу, Цифрлық тәлімгерлік жобасын іске асыру, ӘЭК IV форумын өткізу және т.б. ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Осы іс-шараны өткізу әйелдердің ұсынатын әлеуметтік және экономикалық бастамаларының маңыздылығын куәландырады. KAZENERGY қауымдастығы «Ембімұнайгаз» АҚ-ға мұнай-газ саласының өкілдерін біріктіретін ӘЭК бастамаларын және өңірлік отырысын ұйымдастыруды қолдағаны үшін үлкен ризашылығын білдіреді.

AMT4112_.jpg

AMT4398_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.