2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы
2019 жылғы 25-26 сәуірде «KAZENERGY» қауымдастығы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді

Отырысқа Жұмыс тобының 50-ден астам мүшесі қатысты, оның ішінде: ҚР Энергетика министрлігінің, KAZENERGY қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В., «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, "КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС" ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ" ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ мен «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС, «Бұрғылау» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ өкілдері қатысты.

Отырыстың алғашқы күні кіші топтармен еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, жалпы құқықтық мәселелер мен еңбек ақысын төлеудің негізгі принциптері сияқты бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді.

Екінші күні Жұмыс тобы еңбекақысын төлеу жүйесі, тараптардың өзара қарым-қатынасы мен міндеттемелері, жұмыспен қамту, гендерлік және жастар саясатына қатысты басым бағыттар, кәсіпорындардағы өндірістік кеңестердің қызметін кеңейту мәселелері және т.б. мәселелерге ерекше көңіл бөлді.

Жұмыс тобы өз жұмысын қашықтықтан жалғастырады және ағымдағы жылғы мамыр айының соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында талқылауға қайта оралатын болады.

IMG_2654_.jpg

IMG_2720_.jpg
Комментарий