top
top
Жаңалықтар

КРО KAZENERGY-де қонақ етті: консорциум мамандары аса алып кен орнындағы жұмыс ерекшелігі, күнделікті жұмысы мен көп ұлтты ұжымның демалысы туралы сөз етті  

2019 жылғы 21 мамырда Қауымдастық алаңында «Қарашығынақ Петролиум Операйтинг Б.В.» компаниясының өкілдерімен танысу рәсімі өтті. Қарашығанақ кен орны атынан келген әріптестер кездесу қатысушыларына өндірістік, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді қоса отырып, консорциум қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

Мәселен, Тұрақты даму бағдарламасы ұйым жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. 1998-2018 жылдар аралығындағы кезеңде КПО қатысу өңірінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған арнайы іс-шараларды іске асыруға 380 млн астам долларды инвестициялады. Ластаушы заттардың шығарындыларын төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қарашығанақ өкілдері 2018 жылы кен орнында газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,94% құрағанын атап өтті, бұл әлемдік класс жетістігі болып табылады. KPO кен орын орналасқан Батыс Қазақстан облысын дамытуға да көп көңіл бөледі. Бүгінгі күні өңірдің инфрақұрылымына 368 млн АҚШ доллары инвестицияланды.

Осылайша, тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутектерін, шикі газ бен отын газды өндіретін және қайта өндіретін және өнімнің көп бөлігін экспортқа жіберетін Қазақстанның үлкен кен орны қоршаған ортаны қорғау мен өндірістік қуаттылықты дамыту арасындағы теңгерімді сақтау үшін күн сайын көп күш жұмсайды.

Өткен іс-шара Қауымдастық мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау жоспарының шеңберінде өткізілді. Жыл бойы KAZENERGY қызметкерлерін компания жұмысымен таныстыру мақсатында бірқатар кездесу өткізу жоспарлануда.

KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРАЙТИНГ Б.В.» ӘРІПТЕСТЕРІНЕ АШЫҚ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ ӘҢГІМЕ ЖҮРГІЗГЕНДЕРІ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ!

ZFIUcgTzg9U.jpg

97UUHYo6ZeE.jpg

DjxTiebAqNk.jpg

88j9N6UV9kg.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.