KAZENERGY қауымдастығы мен ТМККҚ-ның Өндіруші салалардың айқындылығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі отырысы

KAZENERGY қауымдастығы мен ТМККҚ-ның Өндіруші салалардың айқындылығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі отырысы
22 мамырда KAZENERGY алаңында ӨСАБ Халықаралық хатшылығының басшысы Марк Робинсонның қатысуымен KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялар мен Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының (ӨСАБ) өндіруші салалардың айқындылығы бастамасын іске асыру мәселелері бойынша бірлескен отырысы өтті.

KAZENERGY Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Бауыржан Өмірзақов кездесуді аша отырып, 2017 жылы Қазақстанда кезекті валидациялау (ӨСАБ стандартының халықаралық талаптарына сәйкестігіне санкциялау процесі) өткендігін атап өтті, оның қорытындысы бойынша ӨСАБ Халықаралық Басқармасы еліміздің мәртебесі туралы шешім қабылданды. Ол Қазақстанның Өндіруші салалардың айқындылығы бастамасын енгізудегі айтарлықтай прогресін атап өтті. Дегенмен, белгіленген Қағидаларға сәйкес ӨСАБ стандартының талаптарына толық сәйкес болу үшін Халықаралық Басқарма кемшіліктерді жою үшін 18 ай уақыт берді (2019 жылғы 13 тамызға дейін – қайтадан валидациялауды өткізуге дейін).

ӨСАБ Халықаралық хатшылығының басшысы Марк Робинсон компанияның стандартты дамыту процесіне қатысуының жоғары деңгейін атап өтті және еліміздің бірқатар артықшылықтарын атап көрсетті, олардың арасында есептілікті электронды түрде ұсыну, сондай-ақ деректерді уақтылы жариялау. Бұдан басқа ол а.ж. маусымында Париж қаласында өтетін ӨСАБ Жаһандық конференциясына дайындық туралы хабарлады. Аталған конференция барысында ӨСАБ жаңа стандарты қабылданатын болады, компаниялар мен ҚР уәкілетті органдары арасында жасалған келісімшарттар туралы ақпаратты ашуға қатысты болады. Қатысушылар осы өзгерістерді егжей-тегжейлі талқылады.

Сонымен қатар қатысушылар компаниялардың бенефициарлары туралы мәліметтерді жариялауды және KAZAKHSTAN ENERGY WEEK шеңберінде 26 қыркүйекте өтетін ӨСАБ Х Ұлттық конференциясына дайындық бойынша жұмысты да талқылады.

IMG_2807_.jpg

IMG_2816_.jpg

IMG_2817_.jpg

IMG_2827_.jpg

IMG_2803_.jpg
Комментарий