top
top
Жаңалықтар

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2019 жылғы 23 мамырда «KAZENERGY» қауымдастығында 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Жұмыс тобының мүшелері: ҚР Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГТІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай Бұрғылау Компаниясы ЖШС» кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «Бұрғылау» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «Өзенмұнагаз» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ өкілдері қатысты.

«KAZENERGY» қауымдастығы әзірленудегі құжаттың сапасын арттыру мақсатында Жұмыс тобының мүшелері үшін «Прайсуотерхаус Куперс Такс энд Эдвайзори» академиясының консультанттарымен – Бизнес-коуч, PWC Қазақстан менеджері Диана Дарбекова, PWC Қазақстан аға консультанты Олелег Сырбу «Сыйақыларды басқару» тақырыбында және «Эрнст энд Янг» ЖШС - Ernst & Young Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласында көрсетілетін қызметтер бағытының басшысы Дмитрий Коновальчик «Сенімділікке негізделген қауіпсіздік: “+1” тұжырымдамасы нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының шегінен шығатын жаңа қазіргі заманғы тәсіл ретінде» тақырыбында кездесулер өткізді.

Жұмыс мүшелерінің мүшелері 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісім жобасына келіп түсетін ұсыныстарды талқылады. Жұмыс тобының келесі отырысы ағымдағы жылғы маусымда жоспарлануда.


IMG_2835_.jpg

IMG_2836_.jpg

IMG_2842_.jpg

IMG_2850_.jpg

IMG_2866_.jpg

IMG_2880_.jpg

IMG_2881_.jpg

IMG_2886_.jpg

IMG_2887_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.