top
top
Жаңалықтар

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2019 жылғы 18 маусымда «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Жұмыс тобының мүшелері: ҚР Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «ҚазТрансОйл» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГТІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «МГҚК «ҚазҚұрылысСервис» АҚ, «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «Аджип Карачаганак Б.В.», «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай Бұрғылау Компаниясы ЖШС» кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «Бұрғылау» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «Өзенмұнагаз» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Маңғыстаумұнайгаз» профком АО «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының мүшелерінен келіп түскен ұсыныстар, 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің ережелері талқыланды.

Жұмыс тобы мүшелерінің Салалық келісімнің мазмұны бойынша қол жеткізілген уағдаластығы туралы ҚР ЭМ жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның келесі отырысында баяндалатын болады.

Сонымен қатар Жұмыс тобының шеңберінде Қазақ Мұнай және Газ Институтының НТҚ Техникалық реттеу және әзірлеу департаментінің директоры Г.К. Баймағанбетова «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының шеңберінде іске асырылатын салалық біліктілік шеңбері (СБШ) мен кәсіптік стандарттарды (КС) әзірлеу туралы таныстырылыммен сөз сөйледі.

Г.К. Баймағанбетованың баяндамасына сәйкес бүгінгі күні СБШ және КС әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, «Мұнай және газды барлау және өндіру», «Мұнай және газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай және газды қайта өңдеу және өткізу» бағыттары бойынша мұнай-газ саласына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері есеп түрінде ресімделді және «КИНГ» АҚ және KAZENERGY ресми сайттарында орналастырылды. Қазіргі уақытта СБШ әзірлеу жалғасуда, осы бағыттағы жұмыс барысы туралы келесі талқылау а.ж. 28 маусымда ҚР ЭМ алаңында жоспарлануда.

IMG_3038_.jpg

IMG_3041_.jpg

IMG_3121_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.