KAZENERGY журналистерді KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-ке шақырады

KAZENERGY журналистерді KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-ке шақырады
23-29 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін KAZAKHSTAN ENERGY WEEK (KEW)/ KAZENERGY XII Еуразиялық форумының қарсаңында жетекші БАҚ журналистері KAZENERGY қауымдастығының басшылығымен кездесті. 18 қыркүйекте баспасөз таңғы асында энергетикалық апталықтың күн тәртібі талқыланды. Барлық қатысушыларға қошеметін білдіре отырып, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов энергетикалық саланың жетістіктері туралы, биыл Қазақстан мұнайы мерейтойлы күнін 120 жылдығын атап өтіп жатқандығы жөнінде сөз етті. Бұл Қазақстанның отынды дамыту саласындағы қуаттылығы мен әлеуетін көрсететін еліміздің мұнай-газ саласындағы маңызды оқиға. Оған KEW алаңында КСРО жылдарында біздің мұнай-газ саламызды көтерген, еліміз тәуелсіздік алған сәтте оны дамытудың алғашқы қадамдарын басқан және бүгінгі күні оның тарихын қалыптастырып келе жатқан қазақстандық және шетел мұнайшыларының қатысуымен салтанатты іс-шаралар мен арнайы конференция арналатын болады.

Форумның негізгі іс-шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты KAZENERGY қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы диреткоры Талғат Қарашев баяндады, сонымен қатар ол ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо, «Арктикалық шеңбер» халықаралық форумының төрағасы, Исландия президенті (1996-2016) Оулавюр Рагнар Гримссон, Тоталь Барлау және Өндіру, континенталды Еуропа және Каспий бойынша вице- президент Бернар Клеман, Wood Mackenzie, Вице-Президен Малколм Форбс-Кейбл, ЭксонМобил Апстрим аға вице-президенті Том Шуслер, Эни СпА бас директоры Алессандро Пулити және т.б. шетел қонақтарымен таныстырды.

Адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директор Ляззат Ахмурзина «Student Energy Challenge» конкурсы, KAZENERGY XI Жастар Форумы, «KAZENERGY» Әйелдер энергетикалық клубының IV Форумы жөнінде айтты. Мәселен, Жастар Форумының шеңберінде отандық мұнай-газ индустриясының негізін қалаушы Сафи Өтебаевқа және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған сессия өтеді, оның шеңберінде интерактивті форматта викторина өткізіледі. Викторина нәтижесі бойынша сессияда жеңімпаздар анықталып, оларға Қауымдастық атынан естелік сыйлықтар берілетін болады.

Анықтама: KAZAKHSTAN ENERGY WEEK – бұл тұрақты энергетикалық болашақты қалыптастырумен байланысты мақсаттарға қол жеткізу жолдарын талқылау үшін жаһандық алаң, сондай-ақ ол мамандарға өзекті мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіруге, саланы дамыту туралы дискуссияларға қатысуға, сондай-ақ жетекші дүниежүзілік сарапшылар ұстанымдарын білуге мүмкіндік береді. Іс-шара ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен «KAZENERGY» қауымдастығы болады. Форум 23-29 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында өтеді.

Барынша толық ақпарат http://kazenergyforum.com/ сайтында.

БАҚ өкілдері үшін аккредиттеу kazenergyforum.com сайтында «Медиа-Аккредиттеу-өтінім» бөлімінде қолжетімді екендігін естеріңізге саламыз http://kazenergyforum.com/smi/akkreditatsiya/.

Барлық сұрақтар бойынша:
e-mail: press@kazenergy.com тел.: (7172) 790181; 790173 жолығуға болады.


IMG_3583_.jpg

IMG_3585_.jpg

IMG_3615_.jpg

IMG_3632_.jpg

IMG_3620_.jpg
Комментарий