top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY XII Еуразиялық Форумы және  KAZAKHSTAN ENERGY WEEK жобасы аяқталды

2019 жылғы 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Конгресс-Орталығында KAZENERGY ұйымдастырған KAZENERGY XII Еуразиялық Форумы және KAZAKHSTAN ENERGY WEEK жобасы аяқталды.

Форумның екінші күнінің негізгі оқиғалары Қазақстан мұнайының 120 жылдығы мен Ұлттық энергетика баяндамасының таныстырылымы болды.

1_.jpg

Конференция барысында Қазақстанның мұнай-газ саласының даму тарихы, оның ішінде индустрия өсінің ұзақ мерзімді стратегиясы жасалып, оны басқарудың тәуелсіз жүйесі құрылған кезде, тәуелсіздік алу жағдайларында дамуы туралы айтты.

ҰЭБ таныстырылымы шеңберінде KAZENERGY қауымдастығының бірыңғай жүйесі ретінде Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласын тұрақты дамытуға стратегиялық көзқарасы ұсынылды. ҰЭБ жұмысының процесі кезінде бас сарапшы ретінде IHS Marki компаниясы болды.

IHS Markit Ресей және Каспий өңірі бойынша энергетика зерттеулер басшысы, Еуразияда экономика және энергетика жөніндегі басқару директор Мэттью Сейгерс Баяндамасын ұсына отырып, аталған зерттеуді дайындау кезінде сарапшылар инвестицияларды қалай тартуға болады? Ішкі және экспорттық нарық үшін жеткілікті газ көлемін қалай қамтамасыз етуге болады? ЕАЭО шеңберінде өндірісті ықпалдастыра отырып, қалай жұмыс жасауға болады? Сияқты сұрақтарға жауап беруге тырысқандығы туралы айтты.

2_.jpg

Экология туралы айта келе, спикер «Біз өз экологиялық міндеттемелерімізді және Париж келісімі бойынша міндеттерімізді ұмытпауымыз қажет» екендігін атап өтті. ЖЭК және қуаттылық нарықты енгізумен байланысты мәселелерді қозғай отырып, ол энергетика ҚР үшін өте маңызды сектор болып табылатындығын еске алған жөн деп санады. «Энергетикаға еліміздің ЖІӨ 25% келеді, бұл, негізінен, мұнай-газ секторы» деді ол.
«Біз ұзақ мерзімді жоспарлар құрғанда, көмірсутектер маңызды орын алатындығын көреміз. Мұнай әлі де 1 орынды иеленіп отыр. ЖЭК дамуына қарамастан, газ энергетиканың негізгі элементі болып табылады», - деген ақпарат берді және мұнайдың негізгі тұтынушылары Азия мен Қытай болатындығын айтты.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов «Болашақтағы цифрлық энергетика. Өтпелі кезең» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында сөз сөйлей отырып, Қазақстанда цифрландыруды дамыту үшін шығындарды төмендетіп, еңбек өнімділігін арттыру қажет екенін хабарлады. Қазақстан цифрлық сұранысты одан әрі дамыту үшін ұсынымдарды тыңдауға дайын.

3.jpg

«KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев «Ақылды энергетика» сессиясының барысында ақылды энергетиканы одан әрі дамыту үшін елімізде зияткерлік инновациялар тұжырымдамаларын дамыту қажет деп айтты.

4@.jpg

«Электрисите де Франс» вице-президенті Аббас Джалали Джафари, өз кезегінде: «Энергетикасыз қоғам кедейлікке ұшырайтын болады. Біз электр қуатын шығарындысыз және СО2 таңдаймыз. Біз энергияның 74% ядролық саладан аламыз, қалған пайызды ЖЭК құрайды. Біздің энергетика маусымшылыққа және сұранысқа толық бейімді. Біз ақылды желілер үшін шешімдер шығаруда үлкен рөл атқарамыз. Ақылды желілер соншалықты жылдам дамымай келеді, біріншіден, осы нарықта инновацияларды ілгерілету үшін саяси шешім қажет»,- деп атап өтті.

5@.jpg

Siemens Kazakhstan басқарма директоры Сергей Карпец: «Энергия – бұл бірден өндіріліп, тұтынылатын тауарлардың бірі болып табылады», - деді. Ол әр субъектінің ішкі және сыртқы энергетиканың өзгеруіне икемді ден қоюын болжайтын зияткерлік энергожүйені Smart Grids ұсынды.

АНЫҚТАМА
KAZENERGY қауымдастығы 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан осы іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасын білдіреді. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетикалық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, қазақстандық және шетел энергетикалық сектор компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын туғыздырады. Жыл сайын оған дүниежүзінің 50-ден астам елдегі 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы беделді саяси фигуралар, дүниежүзілік аттаққа ие сарапшылар Форум қонақтары болды, бұл іс-шараның жоғары беделін көрсетеді.
2019 жылы Форум KAZAKHSTAN ENERGY WEEK бірыңғай алаңында өткізілді, мұнда бірнеше мамандандырылған салалық іс-шара ұйымдастырылды.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.