top
top
Жаңалықтар

«Энергетикадағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы» IV KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы  

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Өткізу күні: 2019 жылғы 25 қыркүйек.
Ұйымдастырушы:KAZENERGY қауымдастығы
Демеушілер: бас демеуші – «Теңізшевройл» ЖШС, ресми демеуші – Eni, әріптестер – Shell, Exxon Mobil.

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK (KEW) шеңберінде «Энергетикадағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы» IV KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы өтті.

2019 жылғы 25 қыркүйекте EXPO Конгресс-орталығында әйелдердің мансап, білім беру, отбасы сияқты әртүрлі салаларда ілгерілеуге жәрдемдесу тақырыбына арналған «Энергетикадағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы» IV KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы өтті. Форумның панельді дискуссияларының, сессиялары мен шеберлік класының жұмысында мұнай-газ және энергетика салаларында әйел көшбасшылығының өзекті проблемалары, маңызды инсайттары мен нақты үлгілері, гендерлік алуан түрлілік туралы халықаралық және қазақстандық зерттеулер қаралды.

«Көшбасшы әйелдің эмоционалды парасаттылығы» атты EY шеберлік класы Форумның жалпы тақырыбын ашты. Орталық Азияда, Украинада, Грузияда және Әзербайжанда Бизнес академиясының басшысы Наталья Копыленко: «эмоционалды парасаттылықтың жоғары деңгейі өз әріптестерін анық түсініп, белгіленген мерзімді сақтай отырып, алға қойылған міндеттерде дереу бағдарлануға көмектеседі».

Форумның шеңберінде «Жұмыс орнында әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету үшін корпоративті сектордағы ең үздік практикалары» баяндамасымен Gender inequality саласындағы халықаралық сарапшы, PwC, Швейцария Дэвид Сзолоши сөз сөйледі. PwC зерттеулері әйелдер мен ерлердің арасындағы еңбек ақысын төлеудегі айырмашылығы кәсіптік бөлінуді, жұмыс жасап жатқан аналарға қатысты ағат пікір мен еңбек ақысын төлеудегі тікелей кемсітушілікті қоса алғандағы көптеген факторлардың нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді. Бұдан басқа нәсілдік жалған нанымдар, білімге алуға деген қолжетімділік пен жас сияқты заттар да еңбек ақысының төлеміне ықпал етеді. Жұмыс орнында әйелдер теңдігін қамтамасыз ету, гендерлік теңгерімді сақтау үшін жұмыс күшінің алуан түрлілігі мен инклюзивтілігін сақтау талап етіледі, бұл компанияның жылдам және тұрақты экономикалық дамуын және қалың бұқара топтары әл-ауқаттылығының артуын қамтамасыз етеді. Спикер BEST BAY, BARKLAYS, HP, BASF қағидаттарын қолданатын компаниялардың ең үздік практикаларын ұсынды.

Форумның жекелеген алаңы гендерлік саясатты дамытуға бағытталған Қазақстанда ЕҚДБ іске асыратын жобаларына арналған. Аталған алаң шеңберінде KAZENERGY және ЕҚДБ «ҚР энергетикасындағы әйелдердің рөлі» атты бірлескен зерттеуінің аралық нәтижелерінің таныстырылымы көрсетілді, «KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Ляззат Ахмурзина және Ergon Associates директорының орынбасары Кирстен Ньюит ұсынды. Анна Бёрнермарк, гендерлік проблематика қызметтері мен оны есепке алуға қол жеткізу жөніндегі директор орынбасары, гендерлік проблематика және экономикалық ықпалдасу тобы, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жұмыс орнында әйелдер теңдігін қамтамасыз ету үшін корпоративті сектордағы ең үздік практикалар туралы баяндамамен сөз сөйледі, ол компанияда гендерлік алуан түрліліктің маңыздылығы, энергетикалық компаниялардың әйелдерді қолдау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша заманауи кадрлық саясаты, кәсіпорындарда әйел көшбасшылығын дамыту туралы айтты. «Самұрық-Энерго» АҚ бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Антонина Шеноева Әртүрлі мүмкіндіктерді ілгерілету жөніндегі іс-қимылдар жоспары: Самұрық-Энерго компаниясындағы басым бағыттар мен іс-шаралар атты таныстырылымын ұсынды, ол ЕҚДБ-мен 2018-2019 жж. «Тең мүмкіндіктерді нығайту» атты жергілікті жобасы жөнінде сөз етті.

Форумның екінші жартысында «Энергетикадағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы» атты talk show форматында пленарлық сессия өтті. Пленарлық сессияның күн тәртібіне индустрияда гендерлік теңдік мәселелері шығарылды.
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Ляззат Жаңылысқызы, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов, KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының төрағасы, KAZMORTRANSFLOT UK Ltd қаржы директоры Айзада Аккайсиева пленарлық сессияны ашты.

Дискуссия модераторы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Мадиқызы болды: «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері гендерлік дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні тең гендерлік мүмкіндіктерді қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі рөлі болып табылады. Әйел көшбасшылығының тақырыбы көптеген жыл бойы іскерлік күн тәртібіне тиесілі және бүгін біз энергетикада әйел көшбасшылығының негізгі аспектілеріне назар аударамыз.

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Әнуар Жақсыбеков, Роял Датч Шелл ПиЭлСи ТМД елдерінің және Ресейдің мемлекеттік органдарымен байланыс жөніндегі вице-президенті Джоанна Куенсберг, «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ Кеңею Жобасының күрделі құрылыс менеджерінің орынбасары Зәйгүл Досалиева, ЕҚДБ гендерлік проблематика және экономикалық ықпалдасу тобының гендерлік проблематика қызметтері мен оны есепке алуға қол жеткізу жөніндегі директор орынбасары Анна Бёрнермарк, Аджип Каспиан Си Б.В. техникалық менеджері Роберто Каррара, KPO B.V. еңбек ресурстарын басқарушы Сури Раджагопал talk show спикерлері болды.

Сонымен қатар сессияға ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Меруерт Қазбекова, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Лязат Рамазанова, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық корпорациялардың, мемлекеттік мекемелердің, медиа, салалық қауымдастықтардың басшылары мен директорлары, Қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жас перспективалы мамандар қатысады.

Форум Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған энергетика және мұнай-газ кешенінің әйел қызметкерлерін Қауымдастық атынан салатанатты марапаттаумен жалғасты.

Қорытынды ретінде IV KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубы форумының қатысушыларынан Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесіне «Көзімнің қарасы» атты челлендж тапсырылды.

IV KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр және бүгінгі күні энергетиканың негізгі отандық және халықаралық сарапшыларының қатысуымен әйелдердің коммуникациясы саласындағы жетекші алаң, сондай-ақ бүгінгі және келешек көшбасшылар ұрпағының диалогы үшін бірегей алаң болып табылады.

DSCF6168_.jpg

DSCF6224_.jpg

DSCF6540_.jpg

DSCF6621_.jpg

image1_.jpg

image2_.jpg



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.