НҰР-СҰЛТАНДА АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

НҰР-СҰЛТАНДА АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ
2019 жылғы 01 қарашада KAZENERGY қауымдастығының Кеңесі Төрағасының орынбасары Ұ.С. Қарабалиннің қатысуымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Д.К. Хасановтың төрағалығымен KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) өтті.

KAZENERGY қауымдастығының Кеңесі Төрағасының орынбасары Ұ.С. Қарабалин өзінің сөз сөйлеуінде қатысушылардың назарын сала үшін әзірленудегі кәсіптік стандартта мен Салалық келісімге назарын аудартты, өз кезегінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Д.К. Хасанов күн тәртібімен және үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелерімен таныстырды.

Үйлестіру кеңесінің жалпы тақырыбын және жаңа ел жобасы «Қазақстанның кәсіптер атласы» жобасын Кәсіптер атласын әзірлеу жөніндегі жоба жетекшісі, BTS Digital білім беру жобаларының басшысы Саят Нұрбек таныстырды.

«KAZENERGY» қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина Қауымдастықтың адами капиталды дамыту бағыты бойынша қызметінің қорытындылары және 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-газ, химия салаларында салалық келісімді әзірлеу бойынша іс-шаралар туралы сөз етті.

Үйлестіру кеңесі адами капиталды дамыту саласындағы компаниялардың the best practices зерделеу практикасын енгізді. Отырыста мына компаниялардың тәжірибелері көрсеілді:
  • «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының ТИПО білім беру ұйымдарында оқитындардың/ЖОО студенттерінің ақылы кәсіби практикасын ұйымдастыру және өткізу туралы («КазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Ыдырысов О.А.);
  • «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС зауытта дуальды оқыту жүйесін енгізу туралы («ПМХЗ» ЖШС персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы дирпеткор Имантаева А.М.).
Дуальды оқыту жүйесінің ең үздік практикалары саласында білімді басқару мақсатында Қауымдастық мүшелерінің тәжірибесін синтездейтін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу ұсынылды және келесі кеңес отырысында Норт Каспиан Оперейтинг Компани, Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В. компанияларының ең үздік практикаларын талқылау жоспарланады.

Сонымен қатар отырыста «KAZENERGY» қауымдастығының адами капиталды дамыту департаментінің директоры А.Қ. Құсайынова «ҚР Еңбек кодексіне және еңбек саласында қатынастарды реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кейбір мәселелер туралы» және «КИНГ» АҚ НТД Техникалық реттеу және әзірлеу департаментінің директоры Г.К. Баймағанбетова «Мұнай-газ саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу барысы туралы» баяндамалармен сөз сөйледі.
   
Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен қатысушылары үшін Ernst & Young бизнес академиясынынан менеджер, оқытушы-консультант Рашитова Наталья «DISС® жүріс-тұрыс стильдері» Workshop өткізді. Workshop қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

IMG_3919_.jpg

IMG_3761_.jpg

IMG_3776_.jpg

IMG_3814_.jpg

IMG_3829_.jpg

IMG_3851_.jpg

IMG_3872_.jpg

IMG_3861_.jpg
Комментарий