top
top
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ

11 қазанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің консультативтік кеңесінің бесінші отырысы өтті, оған KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина қатысты.

Консультативтік кеңестің мақсаты – ҚР жетекші ғылыми-білім беру және инновациялық кластері ретінде ҚБТУ даму стратегиясын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Күн тәртібінде ҚБТУ 2019-2020 оқу жылына арналған жоспарлары, университеттің 2019-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы қаралды, сондай-ақ мына мәселелер талқыланды:
  • Eni, EniProgetti итальян энергетика компаниясының және «Эни корпоративті университетінің» қолдауы бойынша «Industrial Project Management and Engineering» бағдарламасын іске қосу және іске асыру барысы туралы;
  • ҚБТУ-да Honeywell автоматтандыру орталығын ашу туралы;
  • Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастықты нығайту туралы.
Отырыс барысында Қазақстанның еңбегі сіңген мемлекеттік және қоғамдық қайраткері, ғалым, дипломат және ҚБТУ бірінші ректоры Әділ Құрманжанұлы Ахметовке Университеттің құрметті докторы дипломы берілді.

Бұдан басқа әріптестік қолдау және баға жетпес қосқан үлесі үшін Қазақстан-Британ техникалық университеті атынан KAZENERGY қауымдастығына алғыс хат табысталды.

ҚБТУ көптеген ірі халықаралық және қазақстандық мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу компанияларымен іскерлік ынтымақтастықты орнатады. Осы компаниялардың басшылары ЖОО-ға материалдық-техникалық, әдістемелік жәрдем беру үшін, университет пен қазақстандық нарықта жұмыс жасайтын мұнай-газ компаниялардың бірлескен қызметін ақпараттық және аналитикалық қамтамасыз ету үшін ҚБТУ консультативтік комитетін құрды.

Бұл күні ҚБТУ студенттерімен кездесу өткізілді, онда Л.Ж. Ахмурзина Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В демеушілік қолдауымен жүзеге асырылатын KAZENERGY StudentDigitalFest байқауымен таныстырды және Student Energy Challenge – 2019 командалық байқауының қорытындысы туралы сөз етті, онда ҚБТУ студенттер командасы FEOGI 2-ші орынға ие болды.

фото-Корсовета-КБТУ-1_.jpg

вручени-еблаг_.jpg

фото-Корсовте-КБТУ-3_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.