top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY ЖӘНЕ ҚПО Б.В. «STUDENTDIGITALFEST» ЖАҢА БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

2019 жылғы 11 қазанда KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ляззат Ахмурзинаның Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-4 студенттерімен және білім беру бағдарламаларының магистранттарымен кездесуі өтті.

«StudentDigitalFest» 2019 жылғы 24 қыркүйекте «Жастар және заман талабы» XI Жастар форумының шеңберінде жарияланған.

Кездесу барысында Л.Ж. Ахмурзина студенттерге Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. демеушілік қолдауымен жүзеге асырылатын KAZENERGY қауымдастығының «StudentDigitalFest» жаңа байқауымен таныстырды және байқаудың шарттары мен кезеңдері туралы айтты.

Сонымен қатар студенттер KAZENERGY қауымдастығының білім беру гранттары мен стипендияларды іске асыру арқылы студенттерді қолдауға бағытталған жұмысымен, сондай-ақ инновациялық жобалар арқылы жастардың әлеуетін дамыту мақсатында өткізілетін басқа да байқаулармен таныс болды.

StudentDigitalFest байқауының мақсаты – жастардың мұнай-газ саласын цифрландыру саласында технологиялық шешімдері әзірлеу бойынша инновациялық жобаларын қолдау.

Байқауға Қазақстанның ЖОО техникалық мамандықтар бакалавриаты мен магистратура студенттері қатыса алады.
ҚБТУ және ҚАЗҰТУ студенттері КБТУ и КАЗНТУ KAZENERGY білім беру бағдарламасының белсенді қатысушылары және соңғы үш жылда Шелл Қазақстан қаржылық қолдауымен KAZENERGY іске асырып келетін «Student Energy Challenge» байқауының тұрақты қатысушылары болып табылады.

Команды ҚБТУ FEOGI командасы биыл «Student Energy Challenge» байқауының финалында 5000 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйлық пен 2-орынды иеленді.

Команда ҚАЗҰТУ OXYGEN командасы байқаудың барлық кезеңдерінен өтіп, «Student Energy Challenge» жартылай финалына шықты, ол Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар және заман талабы» XI жастар форумының алаңында өткен болатын.

KAZENERGY стипендия бағдарламасының шеңберінде 2019-2020 оқу жылына бөлінген 705 грант ішінен 31 грантқа ҚБТУ студенттері және 2 грантқа ҚАЗҰТУ студенттері ие болды.

Кездесу қорытындысында ЖОО басшылығы Қауымдастықтың бастамаларын қолдай отырып, бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.
Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін командаларды тіркеу ашық.

StudentDigitalFest байқауға қатысу шарттарымен www.kazenergy.com сайтында – Білім беру бағдаламасы – Байқаулар атты бөлімдерде танысуға болады.
Қатысу үшін http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1770/ сілтемесі бойынша тіркеу нысанын толтыру қажет.

KAZENERGY қауымдастығының Білім беру бағдарламалары департаменті

фото-КБТУ-2_.jpg

фото-КБТУ-1_.jpg

фото-КБТУ-3_.jpg

фото-КазНТУ-1_.jpg

фото-2-КазНТУ_.jpg

фото-3-Казнту_.jpg


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.