top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» қауымдастығы «2015-2017 жж. «KAZENERGY» ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШ БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫН» басып шығарды

«KAZENERGY» қауымдастығы ««KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесінің 2015-2017 жылдар аралығындағы кезең үшін баяндамалар жинағының» алғашқы томын басып шығарды.

«KAZENERGY» Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы Ұзақбай ҚАРАБАЛИН: «2012 жылғы желтоқсанда Қауымдастық мүшелерінің ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және ендіру қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдем көрсетуге бағытталған консультативтік-кеңес органы болып табылатын «KAZENERGY» ғылыми-техникалық кеңесі құрылды» деп атап өтті.

Соңғы уақыт ішінде ҒТК ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ энергетикалық секторда инновациялық технологияларды іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін талқылау үшін жетекші алаңға айналды. Барлығы ҒТК 30-дан астам отырысы өтті, онда энергетика тақырыбының барлық спектірі бойынша 160-дан астам баяндамасы ұсынылды. Ғылыми-техникалық кеңес отырыстарына саланың 900-ден астам маманы мен сарапшысы қатысты.

Ұсынылған материалдардың өзектілігін, ғылыми және практикалық құндылығын есепке ала отырып, 2018 жылы отырыстарда қаралған негізгі баяндамаларды жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл жобаны «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В..» ЖТАҚ қолдап, демеушілік көрсетті.
ҒТК жинағына қауымдастыққа кіретін мұнай-газ және энергетика компанияларының, сондай-ақ бөгде шетел ұйымдары мен ғылыми мекемелер сарапшыларының, еліміздің жетекші техникалық ЖОО ғалымдары мен зерттеушілерінің зерттеу, инженерлік және аналитикалық жұмыстары кірді. Кітапта өткізілімі төмен тақта тасты қабаттардан мұнай мен газды игеру және өндіру; мұнай-газ және энергетика кешендері үшін сервистік компаниялардың қызметі мен ұсыныстары; жаңа ұрпақ технологиялары, мұнай операциялары процестерінің тиімділігін арттыру және т.б. сияқты бөлімдер бойынша ҒТК материалдары жүйеленген.

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Рүстем ҚАБЖАНОВТЫҢ пікірі бойынша: «Бұл бірегей және сөзсіз, сұранысқа ие басылым, онда отын-энергетика саласы үшін өзекті зерттеулер мен практикалық қызметте қолданылатын технологиялар жинақталған».
«KAZENERGY» ғылыми-техникалық кеңесінің баяндамалар жинағы мұнай-газ және энергетика кәсіпорындарының қызметкерлері, бейінді жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ энергетикалық секторда инновацияларды енгіз мәселелерімен қызығатын оқу тобы үшін арналған.

KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В..» КОМПАНИЯСЫНА АТАЛҒАН КІТАПТЫ ЖАРИЯЛАУҒА КӨРСЕКТЕН КӨМЕГІ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ.


IMG_4031q.jpg

IMG_4026q.jpg

IMG_4021q.jpg

IMG_4013_.jpg

главная_.jpg


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.