top
top
Жаңалықтар

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ АЛМАТЫДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БІРІНШІ ӨҢІРЛІК САМИТКЕ ҚАТЫСТЫ  

15 қарашада Алматы қаласында «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін қаржы қаражаттарын жұмылдыру» атты Тұрақты даму мақсаттары (бұдан әрі - ТДМ) жөніндегі бірінші өңірлік саммит өз жұмысын бастады.

Саммит Азия даму банкін мен Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауы бойынша өткізіледі және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) елдерінен барлық мүдделі тараптарды біріктіреді. Жұмысына донорлық ұйымдардың, бизнес шеңберлердің, азаматтық қоғамның өкілдерінен 300 делегат қатысады.

Саммиттің негізгі күн тәртібі төмендегі мақсаттарды қаржыландыру міндеттерін шешу болып табылады:
  • су ресурстары мен барлығы үшін санитарияның болуы және оларды оңтайлы пайдалану;
  • энергияның арзан және сенімді көздеріне рұқсат ету;
  • климаттың өзгеруімен және оның саларымен күресу бойынша шараларды қабылдау.
Саммитте өңірлік өлшемде ТДМ қаржыландыру көздерінің қаржыландырудың ұлттық механизмдеріне интеграциясын талқылауда. Сонымен қатар екі негізгі облыстарда қаржы алшақтығын анықтау және шешімдер қабылдау мәселесі көтеріледі, олардың табысы жалпы міндеттерді іске асыруға максималды үлес қосады. 2019 жылы Саммит планета мәселелерін қамтитын ТДМ-ға және мақсаттарға қол жеткізудің тәсілі ретінде әріптестікті дамытуға өз назарын аударды.

ТДМ жөніндегі бірінші өңірлік саммит жұмысына KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Оралұлы Ақшолақов қатысты. Өз сөйлеуінде ол «Энергетика – Тұрақты дамудың 17 мақсатының бірі» екенін атап өтті. KAZENERGY қауымдастығы тұрақты негізде, сондай-ақ өзінің Ұлттық энергетикалы баяндамасында Тұрақты дамудың мемлекеттік стратегиясын әзірлеу қажеттілігі туралы мәселесін қарастырады, онда елімізді экологиялық, әлеуметтік және экономикалық дамыту мақсаттары мен міндеттері өзара байланысты болады, сондай-ақ энергетика кешенін дамыту бойынша ұза мерзімді жоспарлармен келісіледі. «Тұрақты дамуды экологиялық таза технологияларға ғана емес, экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал ету арасындағы теңгерімге қол жеткізуге де енгізу қажет» деп атап көрсетті.

Қазақстанда ЖЭК енгізу тәжірибесінен, аукциондық механизмге өтудің оң нәтижелерін есепке ала отырып, қазіргі уақытта ЖЭК қолдау жөніндегі жүйе іс жүзінде барлық шығындарды шекті тарифтермен шектелген дәстүрлі электр станцияларына жүктейді. Нәтижесінде соңғы жылдары ЖЭК-нен электр энергиясын сатып алуға электр станцияларының шығындары арта түседі, бұл дәстүрлі генерацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

Болат Ақшолақов секторды тұрақты дамыту үшін ЕҮТЖ енгізуді қуаттылық нарық шеңберінде электр станцияларын жаңғырту ретінде қарауды ұсынды. Нәтижесінде, тарифтерді арттыру тиімділігі нарықтың барлық қатысушыларына тең бөлінетін болады.
«Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін қаржы қаражаттарын жұмылдыру» атты Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі бірінші өңірлік саммит 16 қарашада аяқталады.


WhatsAppQ.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.