top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары  Жамболат Сәрсенов Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснактың Арнайы өкілі қызметіне  қайта тағайындалды. 2 жылға белгіленген мерзімін ұзату туралы осы шешім б.ж. маусым айында күшіне енді. Руснак мырза Жамболат Сәрсеновпен бірлесе отырып  Энергетикалық Хартия қызметін алға бастыру бойынша өнімді жұмыстарды  жалғастыратынына сенім білдірді.

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары  Жамболат Сәрсенов Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснактың Арнайы өкілі қызметіне  қайта тағайындалды. 2 жылға белгіленген мерзімін ұзату туралы осы шешім б.ж. маусым айында күшіне енді. Руснак мырза Жамболат Сәрсеновпен бірлесе отырып  Энергетикалық Хартия қызметін алға бастыру бойынша өнімді жұмыстарды  жалғастыратынына сенім білдірді.

Арнайы өкіл дәрежесінде 2 жыл табысты еңбек еткен Жамболат Сәрсенов Энергетикалық Хартия Хатшылығының жұмысына, атап айтқанда Энергетикалық Хартияға Шарт (ECT, Energy Charter Treaty) шеңберінде инвестицияларды қорғау механизмдерін жетілдіруге қатысты жұмыстарға   әрі қарай қолдау көрсетпек.  

Анықтама:

Біздің еліміз Энергетикалық Хартияға Шарттың  (ЭХШ) 1998 жылы күшіне енген сәтінен бастап белсенді мүшесі болып табылады. Қазақстанның ЭХШ қатысуы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейін  көрсетеді.

Қазақстан Энергетикалық Хартия тарихында Энергетикалық Хартия Конференциясына бірінші рет төрағалық еткен мемлекет болып,  осы құрметті құқықты  алғаш рет 2014 жылы  иеленді. Қазақстан төрағалық шеңберінде энергетикалық секторға инвестициялар тарту, транзит пен сауда-саттық, дауларды шешу механизмдерін жетілдіру, сонымен қатар Энергетикалық Хартия процесін жаңартуға қатысты  конструктивті ұсыныстар ұсынды.

Қазақстан Конференцияға төрағалық етуін  2014 жылы Астанада өткен «Транзиттік  дәліздерді дамыту – ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікке бастар жол» деп аталатын Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші сессиясымен аяқтады. Осы тарихи Конференцияның маңызды сәттері Процестің басымдықтарын алдағы бес жылға айқындап берген Энергетикалық Хартия Процесінің Астаналық Декларациясында бейнеленген.

Геосаяси жағдайдың өзгерістеріне байланысты  және Энергетикалық Хартия  тараптарының ұстанымдарын жақындату үшін Астаналық Декларацияда Энергия транзиттеу және энергия тиімділігі жөніндегі  көпжақты келісім бойынша келіссөздерді жаңарту мүмкіндігін қоса алғанда,  инвестицияларды қорғау және көмек көрсету, дауларды реттеу, сауда-саттық, транзит және төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау сияқты негізгі қызмет салаларындағы басымдықтар нақты белгіленген.  

Қазақстан Республикасы энергетикалық балансты қалыптастыруда  және өңірдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара отырып,  Энергетикалық Хартияның дүниежүзілік энергетикалық басқарудағы көшбасшылық рөлін нығайтуға белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.