top
top
Жаңалықтар

2017 жылы 7-8 қыркүйекте Астана қ. аймақтағы энергетикалық сектордың халықаралық оқиғасы – XI Еуразиялық KAZENERGY форумы «Болашақ энергияға бастар жол» тақырыбымен өтеді.

Форумды KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырады және бұл оқиға Астана қ. 2017 жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйегі арасында өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің басты шараларының бірі болмақ. Оған қоса ол қазақстандық астанада БҰҰ аймақтық комиссияларының бастамасымен  2017 жылы 11-14 маусымда табысты өткен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» энергетикалық министрлер конференциясының және 8-ші Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форумы шеңберінде басталған диалогты жалғастырады.

IEA, МЭХ, МЭФ, ЕЭК, IRENA сияқты ірі халықаралық ұйымдар, сонымен қатар трансұлттық компаниялар мен энергеткиалық компаниялар Форумның серіктестері болды.

XI Еуразиялық KAZENERGY форумының бағдарламасы энергетикалық компаниялардың  тұрақты энергия көздерін тиімді басқару, өндірісті бақылау, энергия ресурстарын сақтау және пайдалану, энергия көздерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, климат өзгерістері мен көмірқышқыл газының шығарындылары, баламалы энергия көздерін пайдалануға ынталандыру, энергия тиімділігі, «ақылды» энергетика бойынша бағдарламаны енгізу, уран және атом саласын инновациялық дамытуға байланысты мәселелер мен қиындықтарды талқылауларына бағытталады.

Форумның басты спикерлері  - ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухейл Мухамед Фарадж Аль-Мазруи,  KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев, Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Президенті Тор Фаеран, International Energy Forum Бас хатшысы доктор Сун Сяншенг, Грузия Энергетика министрі  Илья Элошвили, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак, Жаңармалы энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Аднан Амин және басқалары. Сонымен қатар Форумға өзінің қатысатынын әлемнің ірі мұнай-газ және энергетика корпорациясы - Chevron, Royal Dutch Shell, Total басшылары және басқа да көптеген ұйымдардың басшылары  растады. Олардың көбісі  «Энергетикалық ауысулар: қауіпсіздік, қол жетімділік және тұрақтылық» және  «Болашақ энергиясы: ауысулар мен стратегиялар факторы» деген тақырыптармен өтетін интерактивтік пікірталастарға қатысады.

«Форум дәстүрге сай әлем елдерінің үкіметтері, халықаралық энергетикалық ұйымдары, дипломаттық өкілдіктері, қазақстандық және шетелдік энергетика секторындағы компаниялар, зерттеу институттары және консалтингілік агенттіктер тарабынан қызығушылық туғызады. Бұл шара қатысушыларға ағымдағы жағдайды болашақ энергияның басты сын-қатерлері  тұрғысында  зерделеуге мүмкіндік бере отырып, ұлттық және халықаралық компаниялардың тұрақты даму саласындағы оңтайлы стратегияларды пысықтауына жағдай жасауы тиіс», - деп түсіндіреді KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов.

KAZENERGY қауымдастығы IHS Markit-пен бірлесіп 2017 жылы дайындаған KAZENERGY 2017 ұлттық энергетикалық баяндамасының презентациясы форумның басты баяндамасы болғалы тұр. Баяндама 2015 жылғы нұсқасының негізінде, бірақ Қазақстан Үкіметі белгілеген жаңа шындық пен мақсат-міндеттерді ескере отырып  құрылған  және елдің ЖЭК құрайтын қазақстандық экономиканың базалық секторларының ағымдағы жағдайы мен перспективті дамуы туралы кешенді түсінік беруге бағытталған.

«Қазіргі уақытта энергетика саласы кездесіп отырған сын-қатерлер бүкіләлемдік масштабта осы саланың іс-қимылдар бағытын өзгертеді, ол күн өткен сайын тиімділікке қарай бет бұруда. Инвестициялық жобалардың талғамдылығы, жаңа мүмкіндіктер жолындағы бәсекелестік және капиталдық шығындарды азайту сияқты факторлар қазірде өте маңызды. Осы орайда Үкіметтің тиісті шешімдерді уақытында қабылдауы, сонымен қатар олардың болжамдылық сипаты маңызды рөл атқарады», - дейді Ақшолақов мырза.

Дәстүрлі пленарлық сессияларға қоса бірқатар форумдық шаралар ұйымдастырылады.

Осылайша Learning for Life IX KAZENERGY Жастар форумы шеңберінде Student Energy Challenge зияткерлік командалық байқауы, BRAIN RING зияткерлік турнирі, сонымен қатар «Сен және сенің қуат көзің» шеберлік класы өтеді.

«Ашық деректер мониторингісінің мемлекеттік жүйесіне ӨСАБ бірігуі» және  «Қазақстандағы бенефициарлық құқық» - Өндіруші саланың ашықтығы бастамасының IX Ұлттық Конференциясында талқыланатын басты тақырып болады.

«Әйелдер энергетикада. Келешек көкжиегіне бастар жол» деп аталатын KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының ІІІ форумының барысында Тәлімгерлік бағдарламасы таныстырылады, онда Қазақстанның энергетика саласындағы гендерлік саясатқа деген көзқарас ұсынылады.  

Оған қоса форум қатысушыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ауқымды медиа-бағдарламасы шеңберінде қызықты презентациялар, баспасөз конференциялары, басты спикерлермен сұхбаттар өткізіледі.

XI Еуразиялық KAZENERGY форумының нәтижелері бойынша дәстүрлі қорытынды Қарарға кіретін серіктестік бастамалар жасалады деп күтілуде.  

Аккредитттеу және қосымша ақпарат мына ресми сайтта: 

http://kazenergyforum.com/http://kazenergy.com/

https://www.instagram.com/kazenergy_forum/

https://twitter.com/kazenergy_com

https://www.youtube.com/user/KAZENERGY1/

https://www.linkedin.com/in/kazenergy/

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.