top
top
Жаңалықтар

2017 жылғы 7 қыркүйек, Астана – China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының қазақстандық жобаларда мұнай мен газды өндірудің көлемі 10 есеге ұлғайды, яғни 1997 жылғы 3,19 млн тоннадан 2010 жылы 30 млн тоннаға дейін артты, ал шикі мұнайды өндіру көлемінің жиынтығы 290 млн тоннаны, ал өндірілген мұнай 54,74 млн тоннаны құрап отыр. Бұл жайлы және 20 жылдық мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының өзге де жетістіктері жайында Kazenergy XI Еуразиялық форумның аясында China National Petroleum Corporation (CNPC) вице-президенті Ван Дунцзинь мырза хабарлады.

Қытай мен Қазақстанның мұнай өндірісі саласындағы серіктестігі 1997 жылдан, CNPC мен ҚР Үкіметімен «Ақтөбемұнай» өндірістік бірлестігінің акциясын сатып алу туралы келісімге қол қойғаннан басталады. 20 жылдың ішінде CNPC-дің Қазақстандағы мұнай-газ жобаларына бағыттаған инвестициялардың жалпы көлемі 42 млрд АҚШ долларынан артық соманы, ал мемлекет бюджетіне төлеген салықтың жалпы сомасы – 40 млрд АҚШ доллардан артық соманы құрады, қызметкерлердің жалпы саны – 30 мыңнан артық жұмыс орынды қамтиды.      

20 жылдың ішінде Қытай мен Қазақстан үкіметтерінің белсенді түрде жәрдемдесу мен қолдауының арқасында CNPC мұнай мен газды өндіру мен өңдеу, құбырлық тасымалдау, мұнай өнімдерін өткізу және сату жұмыстарын өзінің серіктестерімен бірге жемісті атқарып келеді.    

Өндіру мен өңдеу саласында CNPC-дің Қазақстанда өндіру мен өңдеудің 7 жобасында: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ПетроҚазақстан Инк» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ,  «Бузачи Оперейтинг Лтд» АҚ, «СНПС-АйДанМұнай» АҚ, «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС, Қашаған Жобасында үлестік қатысуы бар. Қазақстанда кең орындарын зерттеу саласында инновациялық технологияларды қолданудың арқасында CNPC айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Бұл ретте Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен соң алғаш рет Каспий маңы ойпатында ірі құрлық кен орны - Солтүстік Трува анықталды. Сондай-ақ Оңтүстік-Торғай ойпатында жоғары дәрежелі барлаумен көптеген жаңа кен орындары ашылды. Инновациялық технологияларды қолданудың арқасында Қеңқияқ кен орнында тұз астынан қиын алынатын қорларды өңдеу мәселесі шешілген болатын, сонымен қатар Жаңажол, Қаламқас, Жетібай және осыған ұқсас өңдеудің орта және соңғы кезеңіндегі өзге де кен орындарының игеруін тұрақтандыру және тиімділігін арттыру бойынша міндеттер атқарылды.    

Мұнай және газ құбырларының құрылысы саласында CNPC «КазТрансОйл» АҚ бірлесе отырып, ең алғашқы «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын салды. Бұл құбырдың халықаралық сауда терминалдармен тікелей байланысы бар және мұнайды өткізудің қабілеті 20 млн тоннаны құрайды және жалпы көлемі 100 млн артық тонна мұнайды қотару мүмкіндігі бар. CNPC «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-мен ықпалдаса отырып, жылына 55 млрд мөткізу қабілеті бар және жалпы көлемі 190 млрд мтабиғи газды қотару мүмкіндігі бар «Қазақстан-Қытай» газ құбыры жобаларын іске асырды. Сондай-ақ табиғи газды Қытай нарығына тасымалдаудың ыңғайлы каналын қамтамасыз етті. Бұнымен қоса, Оңтүстік Қазақстанға табиғи газды жеткізуге мүмкіндік беріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөль атқарған, жылына 6,4 млрд мартық газды жеткізетін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобаларын іске қосты.  

Мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату саласында CNPC компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлесе Шымкенттік МӨЗ басқарып, пайдаланып келеді. Бұл зауыт Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы К-4 және К-5 (Евро-4 және Евро-5 аналогы) стандарттарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін сәтті шығарған «Шымкенттік МӨЗ жаңарту және қайта құру» жобасының алғашқы кезегі аяқталды. Қазіргі уақытта екінші кезектің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі күннің өзінде регенераторды тұрғызу мен жылына 2 млн тонна өнім шығаратын негізгі каталитикалық крекингті құру жұмыстары аяқталды. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң, 2018 жылдың қыркүйегінде Шымкенттік МӨЗ халықаралық дәрежеге сәйкес келетін заманауи мұнай өңдеуші зауыт болады деп күтілде. CNPC жергілікті кәсіпорындармен серіктесе отырып, құрамында 150-ден артық жанар-жағармай құю стансасы бар SINOOIL компаниясын құрды. Бүгінгі күні ол Қазақстанда мұнай өнімдерін сатудың көлемі бойынша үшінші компания болып табылады.       

 

Құрал-жабдықтарды өндіру саласында CNPС-дің Қазақстанда серіктестіктегінің ең маңызды жетістігі - үлкен диаметрлі болат құбырларын өңдіретін Азиялық зауыттың құрылысы. Бұл жоба екі ел басшыларының тікелей назарында және екі ел арасында өндіріс құаттылығын дамыту саласында серіктестіктің аясында іс-жүзіне асуда. Аталған зауыт үлкен диаметрлі болат құбырларының жеткілікті болуын және жергілікті тұрғындарынды жұмысқа тарту арқылы 300 жаңа жұмыс орынды қамтамасыз етеді. Бұл жоба 2018 жылдың ортасында іске қосылып, оның жобалық өнімділігі жылына 100 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.  

Қоршаған ортаны қорғау саласында CNPC-дің Қазақстандағы барлық еншілес компаниялары өз қызметін қауіпсіз, экологиялық және тиімді тәсілдермен атқаруға тырысады және ISO14001 стандартына сәйкес қоршаған орта менеджменті жүйесінің негізінде тұрақты сертификаттауды жүргізеді. Қоршаған орта саласында компанияның жетістігі ретінде Жаңажол ГӨЗ-ның үздік қызметін айтуға болады. Бұл ілеспелі газды жоюға бағытталған және жалпы көлемі 1,2 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйылған маңызды жобасы CNPC қатысуымен іс-жүзіне асты. Жаңажол кен орнында 30 жыл бойы жанып тұрған ілеспелі газ алауы CNPC-дің қаржы инвестициялары мен технологияларының арқасында сөніп, Қазақстанда ілеспелі газды пайдаланудың көрнекті үлгісі болды.    

 

Кадр саясаты саласында CNPC-дің үлестік қатысуы бар қазақстандық кәсіпорындар өндіріс орындарына жергілікті тұрғындарды тарту қағидатын ұстанады, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру үшін тренингтер мен курстарды ұйымдастыру арқылы мансапты жоғарлатуға бағытталған платформаны белсенді түрде жасап келеді. Қазіргі уақытта CNPC-дің өндіріс орындарында қазақстандық қызметкерлердің үлесі 98,3%-ға жетті. 

CNPC өзінің еншілес кәсіпорындары арқылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясына жоғары дәрежелі түрде сәйкес болуы үшін, сондай-ақ ҚР үкіметі мен серіктестерімен тығыз ықпалдасу арқылы елдегі әлеуметтік объектілердің құрылысына белсенді түрде атсалысып, өзінің әлеуметтік корпоративтік қызметін атқарып келеді. CNPC-дің әлеуметтік жобаларға құйған инвестициялардың жалпы сомасы 350 млн АҚШ долларын құрайды. Солардың ішінде еліміздің бас қаласында, Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы құрылысының қаржылай қолдауын айтуға болады. Бұдан басқа CNPC-дің үлестік қатысуы бар еншілес құрылымдары талай жылдары «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» ретінде және «Үздік әлеуметтік үлесі» үшін президенттік «Парыз» сыйлығын жеңіп алған.   

CNPC-тің вице-президенті Ван Дунцзинь мырза өз сөзінде: «20 жыл ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Қытай арасында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына аса маңызды көңіл аударуда. Екі ел үкіметі және түрлі қоғамдық орталары елдер арасындағы ұзақмерзімді татулық ынтымақтастығының дамуына үлкен үміт артуда. 20 жыл бойы екі ел мемлекеті қоян-қолтық әрекет ету арқылы қытай-қазақстандық ынтымақтастығының болашақта одан әрі нығаюы үшін берік негізді құрай алды. Қазіргі уақытта Қытай мемлекетімен қазақстандық «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасымен сабақтас келіп отырған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» концепциясы іс-жүзіне асуда. Бұл Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастығының дамуына үлкен күш беруде. Мұның өзі Қытай мен Қазақстан арасында өзара тиімді серіктестігінің жаңа тарихында екі елдің достығы одан әрі нығая түсіп, ұзақмерзімді перспективалы келешекке ортақ жол ашылады деп кәміл сенеміз», - деді.     

CNPC – әлем бойынша жетекші орындағы халықаралық кешенді энергетикалық компаниясы. CNPC әлемнің 37-ден артық мемлекетінде мұнайгаз инвестициялық операцияларын орындайды және әлемнің ең ірі 50 мұнай компаниясының ішінен 3-ші орынды алады, сондай-ақ 2014 жылғы көрсеткіш бойынша әлемнің ең ірі 500 компаниядардың рейтингісінде 4-ші орынға ие.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.